Get Mystery Box with random crypto!

'Мен көтерген сияқтымын', 'Мен жүктімін-ау',- деген ой барша | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

"Мен көтерген сияқтымын", "Мен жүктімін-ау",- деген ой барша әйелдің басынан өтсе керек.

Бірақ, көтерген сияқты сезім жүкті дегенді білдірмейді.

Ежелгі Египетте еденге ашып кеткен сыра қойыртпасын төгіп, жүктілікке күмәнді әйелді сол жерге отырғызып қойған. Бөлмедегі иісті елестетіп көріңізші Кез-келген адамның жүрегі айнып, құсатын сияқты ғой. Құсықтың мөлшеріне қарай жүктілікті анықтайтын болған екен: көп құсса, ЖҮКТІ деген сөз. Бұл әдіс жүкті әйелдердің өткір иістерге жүрегі айнып, құсуына негізделіп ойлап шығарылған.

Сол кездерде өмір сүрмегенімізге шүкір! (әзіл)

Қазір жүктілікті қалай анықтайды?
В-ХГЧ(қан талдауы) + УЗИ(жатырда ұрық болуы).

В-ХГЧ көтерген соң 10 күннен ерте емес
Қанның В-ХГЧ көрсеткіші алдамайды.

УЗИ көтергеннен 2-2,5 аптадан кейін(яғни, 4-4,5 апта)

Жүктілікті анықтауды белгілеріне қарай 3 топқа бөлсек болады:

Күмәнді:
жүрек айну;
құсу;
тәбеттің төмендеуі;
иіс сезу, дәм сезудің бұрмалануы(топырақ иісі, мел жеу, піспеген қамыр, піспеген фарш жеу);
ұйқышылдық;
тітіркенгіштік;
шаршағыштық;
бастың айналуы.

Айқынырақ:
етеккірдің кешігуі;
омыраудың үлкеюі және уыз (молозивo) бөлінуі;
қынап және жатыр мойнының цианозы(гинеколог көреді);
жатырдың ұлғаюы.
Жүктілікті анықтауға арналған тест-полоска

Нақты:
В-ХГЧ;
УЗИ қорытындысы.

Сіздер алғаш рет жүкті екендеріңізді қалай білдіңіздер? Қандай белгілері болды? Бөлісе отырыңыздар.