Get Mystery Box with random crypto!

Нәрестенің кіндік жарасын емдеу Кіндік - ана мен баланы құрс | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Нәрестенің кіндік жарасын емдеу

Кіндік - ана мен баланы құрсақта жатқан кезінен байланыстыратын, сәбиге қоректік заттар мен оттегіні тасымалдайтын бау.

Кіндік жарасын күту жолдары:

Ең негізгі принципі -
кіндік жарасын қолмен ұстамау, тырнақты тигізбеу. Кіндік жарасы өздігінен тез-ақ жазылып түседі. Қолыңызды жиі жуыңыз.

Бір нәрсені ұмытпаңыз - кіндікті жөргекпен (памперс) жауып қоймаңыз. Памперсті кіндіктің астына дейін кигізіңіз немесе памперстің жоғарғы жағын қайырып қойыңыз. Үстіне киетін көйлегі де Х/Б матадан жасалған болғаны жөн. Сонда ол ауаны жақсы өткізіп, теріге демалуға мүмкіндік береді.

Әр күні зеленка жақсаңыз жеткілікті. Әр сәбиде әртүрлі уақытта жазылады. Кейбіреуінде 3-5 күнде, кейбірінде 2 аптаға созылуы мүмкін. Кіндік айналасында қатып қалған қалдықтарды(қан, бөліністер) жылы суға дәкені малып, суын жақсылап сығып, жайлап сүртіңіз. Қатты суланып іріңдей бастаса, сутегі асқын тотығымен тазалап (перекись водорода), құрғатып, зеленка жағыңыз. Егер, кіндік жарасы қатты іріңдеп, ісіп, қанаса телімдік дәрігерге хабарласып, үйге шақырту жасаңыз.

Нәрестені шомылдырған соң денесін жұмсақ сүлгі немесе дәкемен жақсылап құрғатамыз.

Егер жаңа туылған нәрестеге үйде барлық жағдай жасалған, күн түсетін жылы бөлме болса күн ваннасын 10-15 минут жасау керек. Баланы жеңіл орап немесе жалаңаш қалпында күн түсетін жерге жатқызу. Ол сарғаю кезінде де, кіндік жарасының жазылуына да оң ықпалын тигізеді. Бөлменің жылы болуын қадағалаңыз!

Пайдалы пост болды ма?