Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін грипп және ОРВИалдын алу шараларына тоқталамын. Ал, кетт | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Бүгін грипп және ОРВИалдын алу шараларына тоқталамын. Ал, кеттік!

Адам көп жиналатын орындарға жиі бармауға тырысыңыз. Ондай жерлерде бетперде(маска) тағуды әдетке айналдырыңыз.

ОРВИ белгілері (жиі түшкіріп, жөтеліп т.б) бар адамдармен тығыз қатынастан өзіңізді алшақтатыңыз.

Бөлмелерді жиі желдетіңіз, басқа бөлмеге шыққан соң, отырған бөлменің терезесін 20 минутқа ашып қойыңыз

Үйде жиі ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізіңіз, терезе алды, еден, шкафтардың шаңын күнде немесе күнара сүртіңіз.

Қолды жиі жуыңыз, әсіресе көшеден кірген соң және қоғамдық көлікпен келгеннен кейін.

Мұрын қуысын шайыңыз. Дәріханадан физ.раствор(натрий хлорид ерітіндісін), аквамарис, аквалор тамшыларын қолдансаңыз да болады.

Құрамында витамин С бар өнімдерді жиі қолданыңыз(лимон, сарымсақ, малина, шиповник(итмұрын), Клюква, брусинка т.б). Малина, лимон салып жиі шай ішіңіз.

Күнделікті тағаммен сарымсақ пен пиязды қолданыңыз.

Шиповник(итмұрын) қайнатпасын жасап қойыңыз да, күнде бүкіл отбасыңызбен ішуді әдетке айналдырыңыз. 1 стақан суға - 10 итмұрынды салып 15-20 мин қайнатып, 40 минуттай бетін жауып тұндырып қоясыз. Шамамен қоса бересіз итмұрынды. Балаларға жарты пиала, ересектер 1 пиала ішіңіздер. Дәріханадан дайынын алсаңыз, дайындау жолдары жазылып тұрады.

Ауырып қалған жағдайда дәрігердің нұсқауымен басқа да дәрі-дәрмектерді қабылдаңыз.

Д витаминін (аквадетрим, детримакс) қабылдаңыз. Балаларға күнделікті 1-2 тамшы, ауырып жатса 4-5 тамшы аквадетрим беріңіз. Баланың иммунитетін көтереді.

Сонымен қатар, қараша айында тұмауға қарсы вакцина салдырыңыздар.

Жоғарыдағы кеңестерге құлақ түріп, оған қосымша салауатты өмір салтын, күнделікті 7-8 сағат ұйықтау, спортпен айналысып, дұрыс тамақтануды ұмытпаңыздар!