Get Mystery Box with random crypto!

D ВИТАМІНІНІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ ⠀ Бұл тақырып ауқымды, ең маңызды болм | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

D ВИТАМІНІНІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ

Бұл тақырып ауқымды, ең маңызды болмақ.Себебі, организмдегі көптеген процестерге қатысады.

Көп адам көру үшін лайк баса кетіңіз.

Д дәрумені «күн дәрумені» деп аталып жүргені кездейсоқ емес. Ол тағам құрамында жоқтың қасы, алайда терімізге жылу мен жарық ықпал еткен кезде молынан бөлініп шығады. Бірақ алты ай қыс, үш ай күз кезінде бұл дәрумен жеткілікті болады деп айта алмаймын.

Қатер төнген топқа кімдер жатады?

аяғы ауыр әйел және лактация кезеңі
Далаға шығуы сирек егде тартқан кісілер;
Күндізгі уақыттың көп бөлігін кеңседе өткізетін қызметкерлер;
Түнгі ауысымда істейтін, сол себепті күндіз ұйықтап жататын кісілер.

Зерттеу деректеріне сүйенсем мына жағдайларға әсер етеді:
жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қатерін арттырады
обыр ауруына шалдығу ықтималдығын жоғарылатады.
жұқпалы ауруларға жиі шалдыға беру
Көңіл-күйдің нашар болуы

«Бұған қоса, D дәруменінің мидағы серотонинді қалыпты деңгейде ұстап тұруда маңызы зор», — деп Пирсон ағай.

Үнемі шаршап жүру

«D дәрумені ішкен асымызды қуатқа айналдыру үшін де қажет, — дейді сөзін ары қарай сабақтаған Ким Пирсон. — Егер сіз әрдайым шаршаңқы сезімде болсаңыз, онда организм қажетті заттарды сіңірмей жатқан болуы мүмкін, ал оған D дәруменінің тапшылығы себепкер болуы әбден мүмкін».

Сүйектердің осалдығы

Айтылып өткендерден бөлек D дәрумені организмдегі кальций мен фосфат деңгейін реттестіріп отыру үшін де қажет, баршаға мәлім болғандай — сүйек пен тістің саулығы үшін олардың маңызы зор.

Бұлшықеттегі ауырсыну сезімі

D дәруменінің бұлшықеттердің функцияларына да көмегі бар, себебі оған арналған рецепторлар бүкіл денеге тараған. «Егер бұлшықеттер еш себепсіз-ақ қақсай берсе, ағзадағы D дәруменінің тапшылығы туралы ойланғаныңыз абзал», — деп Ким Пирсон ескертеді.

Жоғарыдағы аталған белгілер болса, поликлиникаға барып Д витамініне анализ тапсырыңыз.

Ал, енді айтыңызшы, осы анализді тапсырып көрдіңіз ба?