Get Mystery Box with random crypto!

Бала неше минут емеді Бала 2-3 минутта? 5 минутта? 10-15 мин | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Бала неше минут емеді

Бала 2-3 минутта? 5 минутта? 10-15 минутта тоюы мүмкін бе?

Осы тақырып көпшілік әйелдерді мазалауы мүмкін. Тіпті, бала аз уақыт қана емсе, сүттің маңызы түбінде қалып қояды деп ойлайтын адамдар да бар. Ол - қате пікір!

Баланы мәжбүрлеп емізбеңіздер! Соңы қалып кетеді деп тойса да қинап бермеңіздер!

Бала салмақ қосып жатқан болса, маңызын ембей қалып жатыр деген ойдан аулақ болыңыздар.

Баланың емуінің ұзақтығы да маңызды емес. Бала жақсы салмақ қосып жатыр ма? Яғни, оған сол уақытта емген сүті жеткілікті.

Жиі-жиі, бірақ 5 минутқа да жетпейді. Соны қалай ұзартып, 2 сағатта бір еметіндей қылсам болады дейтін аналар да бар! Ешқандай амалы жоқ! ЕШҚАНДАЙ! Сіздің балаңызға солай ыңғайлы, сондайды қажет етіп тұр. ӨЗГЕРТПЕҢІЗ!

Бала бастапқы 3 айда 500-2000 грамм, 4-6 айда 300-1000 грамм аралығында салмақ қосса,
Емізу ауырсыну тудырмаса, барлығы жақсы деген сөз!

Сонымен, ештеңені көбейтіп немесе азайтпаймыз!

Емізу барысында асықпаңыз, бітпей қалған шаруаларыңызды емес, бар мейіріміңіз бен назарыңызды балаңызға арнаңыз. Бала бәрін де сезеді.

Егер сізде емізу барысында проблемалар болса да, салмақ қоспаса да баланы МӘЖБҮРЛЕМЕҢІЗ! Олай жасасаңыз, баланың өздігінен реттелуі мен тамақтану жүйесін бұзасыз!

Сіз емшекті бергенде, бала бас тартуға ҚҰҚЫЛЫ! Балаңызды құрметтеңіз және оған сеніңіз!
Сіздің балаңыз неше минут емеді? Ему аралығы қанша уақыт? Салмақ жақсы қосып жатыр ма?