Get Mystery Box with random crypto!

Ұшық туралы Сөздің шыны керек, бала кезден ұшықтан (герпес) з | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Ұшық туралы

Сөздің шыны керек, бала кезден ұшықтан (герпес) зардап шегемін. Тіпті апам айтып отырушы еді: " Қайдам, кез-келген нәрсені ұната бермейсің, анау таза емес екен деп келесің, ұшық шықпағанда қайтсін"- деп.
Содан бала кезде ұшық-ұшық боп жүретінмін. Күн суытып кетсе де, ауырып қалсам да, артынан іле-шала герпес шығып тұратын

Сонымен, герпес деген не?
Ол қарапайым герпес вирусымен шақырылатын, ерінде, мұрын қанатында, ерін маңайында пайда болатын, кішкентай көпіршіктер. 1 тип осы қарапайым герпес, ал 2 тип жыныс жолдарының герпесі.

Герпес қалай көрінеді?
Егер бірінші рет көрініс тауып жатса, ол әсіресе бала кезде болады, онда:
1. Ерінде, ауыз қуысында, мұрын қанаттарында ұсақ, ауырсынатын көпіршіктер пайда болады, кейіннен қабыршақтанады.
2. Әлсіздік, дененің сынып ауырсынуы, қызба.
3. Мойын аймағының ісінуі.

Ары қарай, вирус біздің организмге толықтай көшіп келіп, жұлында тұрақтайды. Сосын, әр тұмауратқаннан кейін, әртүрлі инфекциялық аурулардан соң өзінің бар екенін еске салып тұрады.

Қалай емдейміз?
Негізі емдемесе де болады. Өзі қабыршықтанып кетіп қалады.
Немесе вирусқа қарсы ацикловирді жергілікті қолданса болады. Бірақ, ол аурудың ұзақтығын 1-2 күнге ғана қысқартады. Кейде, иммунитеті төмен адамдарда, герпес шығу жиілігін азайтады.
Қалай сақтанамыз?
Қолмен ұшықты ұстай беруге болмайды Мазьді қолмен жағуға болмайды (мақта қолданыңыз); жанасу жолы ( сүйген кезде) жұғатынын естен шығармаған жөн:)

Ауырмаңыздар!