Get Mystery Box with random crypto!

Жөргектік дерматит (Пеленочный дерматит) - терінің жөргек (п | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Жөргектік дерматит (Пеленочный дерматит) - терінің жөргек (подгузник) тітіркендіргенде болатын қабынуы. Практикада өте көп кездеседі.
Пайда болу себептері:

Жөргек кіші дәретпен толып, терімен ұзақ жанасқанда тітіркену пайда болады. Егер кіші дәретпен қатар үлкен дәретте қосылса зақымдану аймағы кеңейеді.

Гигиеналық шаралардың дұрыс жүргізілмеуі

Емізетін анасының кейбір тамақтарды қолдануы немесе антибиотик қабылдауы

Бірреттік сулы салфеткаларды көп қолдану

Жөргектің жаңа түріне ауыстыру.

⁃ Туылғаннан 3 жасқа аралығында, яғни өз дәретін бақылай алмайтын уақытта болады.
⁃ Көп жағдайда қыз балаларда және жасанды тамақ ішетін балаларда жиі кездеседі.
⁃ Басқа локализациядағы дерматиті бар балалар және диатездің көріністері бар балалар бейім болады.

Симтомдары:
Тері ашық -қызыл түсті және ісініп тұрады. Зақымданулар көбінесе болады: жыныс ағзаларында, жамбаста, санның ішкі беткейінде.
Бала жылауық, мазасыз болып кетеді. Жуындарғанда зақымдалған жеріне тиіп кетсе жылайды.

Қалай көмектесеміз?

Ауа ванналары( жөргекті кигізбей, көбірек ауа өтіп тұруын қамтамасыз ету)
Жөргектің сәйкес размерін кигізу
Балаға қимылдауға ештеңе кедергі келтірмеу қажет, жөргектің бір жерге жиналып қалуы болмау керек.
Жөргекті уақытында ауыстырып отыру қажет.
Баланы қатты қымтамау қажет, себебі сол жер қызып, тітіркенуге әкеледі.
Дәрігермен кеңеспей ешқандай стероидты, зеңге қарсы, бактерияға қарсы препараттарды қолданбау қажет. Бұл препараттарды жиі және негізсіз қолдану асқынулар туғызып, баланың жағдайы нашарлауы мүмкін.
Құрамында цинк, вазелин бар крем, мазьдарды қолдану қажет (Цинковая мазь, Судокрем, Циндол)
Қабынулық процесті басу үшін Бепантенді пайдалануға болады.
Зақымдалған жерді зеленкамен, йодпен, марганцовкамен сүртудің қажеті жоқ.

Бвлаңызда осындай жағдай болды ма? Қалай емдедіңіз?