Get Mystery Box with random crypto!

Оқырманнан келген сұрақ. Мұрын қанауы бала кезде жиі болатын қ | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Оқырманнан келген сұрақ.
Мұрын қанауы бала кезде жиі болатын құбылыс. Бұл бала мұрнының анатомофизиологиялық құрылысына байланысты.

Мұрынның екі қуысы бар: алдыңғы және артқы. Балаларда осы алдыңғы бөлігінің, яғни қалқа(перегородка) тамырларының қанауы көптеп кездеседі. Ал артқы бөлігінің қанауы ол сирек кездеседі және өте қауіпті.

Қалай ажыратамыз?
Алдыңғы қуыстың қанауы тек бір мұрыннан, ал артқы қуыстың қанауы екі мұрыннан да қан ағады.

Мұрын қанауының себептері:
құрғақ ауа, яғни жазда күннің ыстығынан болады.
тамыртарылтқыш, антигистаминді препараттарды қолдану.
қабынуға қарсы препараттарды қабылдау
қан, бауыр, көкбауыр аурулары, бірақ бұл кезде мұрыннан қан кету жалғыз симптом болмайды.
С витаминінің жетіспеушілігі
тамыр аномалиялары және т.б

Бала кезде мұрын қанағанда қалай тоқтатқаны есіңізде ме?
Қазір ол дұрыс емес.

Қалай тоқтату қажет?
Баланы отырғызып, басын сәл алға еңкейту
Мұрын қалқанын (перегородок)төменнен 10 минутқа қысып тұру
Егер біреу баланың мұрнын қысып тұрса, екінші адам мұрынға салқын қоюға болады.
Бұл уақытта бала аузымен демалып, қанды түкіріп тастау керек.
Балмұздақ, салқын су беруге болады - бұл қанның тез тоқтауын қамтамасыз етеді.
Егер 10 минуттан кейін қан тоқтамаса, тағы 10 мин қысу қажет.

Не істеуге болмайды!!!
Басын шалқайту! Бұл құсу рефлексін шақыру мүмкін, қан кету көлемін анықтау мүмкін болмай қалады және қан тоқтады ма білмей қалады.
Мұрынға мақта қоюға болмайды.
Зақымдалған жерде қан ұйыту жүйесі тромб түзеді. Мақтаны алу кезінде тромбты зақымдап, қайта қан ағу басталуы мүмкін.
Қан тоқтату үшін мұрынды қысып тұрғанда сөйлеуге болмайды.
Қан тоқтады ма деп қайта қайта қолды алып қарай беруге болмайды. Бір рет қысқанда 10 минутқа қысу қажет.

Қай уақытта дәрігерге қаралу қажет?
Екі мұрын қуысынан да қан кетсе
Қан кету ұзақтығы 20 минуттан асып кетсе
Қан ағудың жиі қайталануы

Профилактика
Күн ыстық кезде сұйықтық көп ішу
Баланы мұрынды түрте бермеуге үйрету
Тамыртарылтқыш тамшыларды 3 күннен көп қолданбау
Міндетті түрде қан анализін тапсыру