Get Mystery Box with random crypto!

Іш өту (диарея) - үлкен дәреттің күніне 3 реттен көп өте сұй | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Іш өту (диарея) - үлкен дәреттің күніне 3 реттен көп өте сұйық болуы.

Іш өту көп жағдайда жедел ішек инфекциясының әсерінен болады. Бірақ басқа да көптеген аурулардың көрінісі болуы мүмкін.
Бүгін жедел ішек инфекция кезіндегі іш өтуді қарастырамыз. Жедел ішек инфекциясы сондай ақ құсумен, температураның көтерілуімен, іш аурумен жүреді.

Осындай көріністен кейін көп аналар қорқа бастайды. Олар құсуды, іш өтуді бірден тоқтатып тастағысы келеді. Бірақ бұлар ағзаның қорғаныш реакциясы.

Іш өту мен құсудан бала көп сұйықтық пен тұздарды жоғалтады!! Осының орнын толтыру керек!!! Мүндай жағдай сусыздану деп аталады және бұл балаға өте қауіпті!!!

Су мен тұздың орнын қалай толтырамыз?
Регидратациялық сұйықтықты ішкізу. Бұған Регидрон пакетигі 1 л қайнаған суға ерітіледі.
Баланың артынан жүріп қасықтап болса да ішкіземіз және әр іш өтуден кейін 100 мл -ден ішкіземіз.

Егер балада құсу болса 30 минут күтіп, қайта қасықпен немесе шприцтің инесін алып сонымен аузына құямыз.

Кем дегенде 2 л регидрон ішу қажет!!

Диареяны емдеудегі келесі топ- ол адсорбенттер. Олар ағзадағы токсиндерді шығарады.

Бұл топқа Смекта жатады. Ол токсиндерді шығарып қана қоймайды, сондай-ақ ішектің шырышты қабатын қалпына келтіреді!!! Смектаны да қасықпен беріп отыру қажет. Немесе бала қанша іше алады сонша беру керек.

Диарея кезінде баланы қалай тамақтандыру қажет?

-Тамақты қинап жегізудің қажеті жоқ. Ең бастысы су беру қажет, ал бұл жағдайда сәл ашыққаны да пайдалырақ.
-Егер баланың қарны ашып қалса, онда майлы, тәтті бермейміз. Жеңіл сорпа, сухари, күріш ботқасы, еметін баланы жиі-жиі емізу қажет!

Қай кезде дәрігерге қаралу қажет?

⁃ тоқтаусыз құсу
⁃ 3 күннен асса да емнен нәтиже жоқ
⁃ үлкен дәретте қан көріну
⁃ баланың ұйықтай бергісі келеді
⁃ дене температурасының 3 күннен аса жоғары болуы

Регидрон мен смектаны қасықтап, ұрттатып, жарты стакандап берген ана диареяны міндетті түрде жеңеді. Дендеріңіз сау болсын!!!