Get Mystery Box with random crypto!

Ауыздан жағымсыз иіс шығу Көп аналар баламның аузынан жағымсы | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Ауыздан жағымсыз иіс шығу

Көп аналар баламның аузынан жағымсыз иіс шығады деген шағым айтады.

Не себепті ауыздан жағымсыз иіс шығады?

Ауыз қуысы стерильді емес екенін бәріміз білеміз. Онда көптеген бактериялар өмір сүреді. Осы бактериялардың өмір сүру кезеңінде жағымсыз иіс шығаратын күкіртті сутек бөлініп шығады.

Ауыздан жағымсыз иістің шығуының себебі - бактериялардың өсуі мен көбеюі.
Бұдан келесі сұрақ туындайды.
Не себепті бактериялар көбейе бастайды?

Бактериялар ауыз қуысында сөлдің аз бөлінуі кезінде белсенді көбейеді.
Ауыз қуысында тамақ қалдықтары қалып қойғанда
Мұрыннан су ағу болса

Қандай жағдайда ауыздан жағымсыз иіс шығады?
Аз сөл бөлінсе: үй ыстық, құрғақ ауа, бала суды аз ішеді.
Тамақ қалдықтары-балада 1 тіс болса да тісті тазалау қажет.
ЛОР аурулары - ринит(мұрыннан су ағу), фарингит (тамақ қызаруы), аденоидит, ангина, аллергиялық ринит, трахеит т. б
Стоматология: тістегі кариес, қызыл иектің проблемалары, стоматиттер.

Асқазанға келетін болсақ, өңеш пен асқазанның ортасында сфинктер болады. Қалыптыда ол асқазаниқұрамының өңешке өтуін болдырмайды, сондықтан асқазаннан иіс өте алмайды.

Бірақ, 6 айға дейінгі балаларда ол сфинктер ашық болады, сондықтан балаларда құсу болады, сол кезде иіс шығуы мүмкін.

Егер бала кекіруге шағымданса, онда себеп асқазаннан болуы мүмкін. Кекірік болмаса, бұл себепті алып тастаймыз.

Кейбір өнімдерді тұтынғанда да иіс шығуы мүмкін- пияз, чеснок, редиска т.б

Көп мөлшерде тәтті жеу ауыз қуысында бактериялардың көбеюіне әкеледі.

Ацетон иісі шығуы дәрігердің қарауы мен диагностикасын талап етеді.

Ал сіздің балаңыздың аузынан жағымсыз иіс шыға ма? Себебін таптыңыз ба?