Get Mystery Box with random crypto!

Жүрек айну немесе КИНЕТОЗ-адам ағзасының бір қалыпты емес , а | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Жүрек айну немесе КИНЕТОЗ-адам ағзасының бір қалыпты емес , ауыспалы жылдамдыққа патологиялық жауабы...
Кинетоз ұшақта, көлікпен ұзақ жолға шыққанда, лифтіде пайда болуы мүмкін деп айтып өттік. Ал, енді жүрек айнудың алдын алу үшін:
Күнделікті көзге және вестибулярлы аппараттың қызметін нығайту үшін жаттығулар жасауға болады,бірақ ол ұзақ уақытты алады және күнделікті қолға алуды талап етеді...ал балаға жаттығуды күнделікті ұзақ уақыт жасату қиындыққа соғады,бала жасына толмаса жасай да алмайды...
Күнделікті эмоцияға берілу, дұрыс емес ұйқы кері әсерін тигізеді,сондықтан жолға шығарда өзіңіз де балаңыз да тынығып ұйықтап алғаны дұрыс!
Көлікте ауаның таза болуы маңызды, ең қарапайым,жеңіл жолы фильм қарап, кітап оқу. Бірақ планшет, телефоннан емес. Кітап мүмкіндік болса аудиокітап болғаны дұрыс. Ал, бала барынша ұйықтағаны дұрыс.
Терезеден қарап отырған кезде жеке емес жалпы табиғат пейзажына қараған дұрыс.
Міндетті түрде жеген тамағыңыз майлы емес ,жеңіл тамақ болуы тиіс...және де баланы да 30-40 мин бұрын тамақтандыру керек.
Жоғарыдағы тәсіл көмегін тигізбейді десеңіз, 60 мин алдын антигистаминді препарат ішіп алуға болады. Себебі, антигистамінді препараттар вестибулярлы аппараттың шектен тыс қозуын төмендетіп отырады, ал, жүрек айнып басталғанда ішсеңіз әсері аз болады...Вестибулярлы аппарат денеміздің кеңістікте тепе-теңдігін сақтайды деп айтқан болатынмын...
Балаға бір жасқа дейін дәрі қабылдауға болмайды, бір жастан кейін тек дәрігердің кеңесінен кейін ғана рұқсат етіледі...себебі препарат құрамына мән беру керек...
Ағзаңызды артық улағыңыз келмесе, лимон мен имбирь бөлігін алып немесе леденцы алып сорып отыруға болады...себебі біріншіден қышқыл және сілекей бөлінгендіктен, еріксіз жұтынған сайын жүрек айну басылады.

Аналарға кеңестер