Get Mystery Box with random crypto!

Балам еңбектемейді Мен туыстарымнан, таныстарым, пациенттерім | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Балам еңбектемейді

Мен туыстарымнан, таныстарым, пациенттерімнен осы сұрақты көп естимін, кеше де бір құрбым балама 8 ай болды, неге еңбектемейді деп уайымдап жатыр...
Егер бала 8 айында еңбектемей, бірақ жалпы жағдайы жақсы болса, ұйқысы тыныш,тамақтануы жақсы болса, қорықпаңыз...балаға еңбектеуге көмектесу қажет.
Еңбектеу-үлкен бір этап, бұл этапты жіберіп алмаған дұрыс, пробел болып қалмау керек, себебі бұл кезең тікелей баланың миымен байланысты(психомоторлы даму). Бала еңбектеген кезде
интеллекті
тілінің шығуы
тепе-теңдікті сақтауы
айналасын тануы
өзіне сенімділіктің дамуына әсер етеді...Көп жағдайда мойынның қисытығы да кетеді (кривошея).
Балаға еңбектеуге көмектесу қажет...қолға баланы алып құшақтаған дұрыс,бірақ, 3 айынан бастап жерге(таза,жылы,тегіс төсеніш,ештеңе үстіне құламайтындай етіп) жіберу керек. Сонда бала тез аунауды да,еңбектеуді де тез үйренеді. Түрлі түсті ойыншықты баланың алдына қойып, соған жетуге талпындырып үйрету керек.
Еңбектеудің балаға ең үлкен пайдасы-арқа ,қол бұлшықеттері дамиды, кейбір анасы байқамаған гипертонус кетуі мүмкін. Күнделікті екі-үш рет көмектессеңіз нәтижесі тез көрінеді...кейбір бала еңбектемей бұл этаптан өтіп кетеді, сол үшін баламызға даму жолында әрбір кезеңді дұрыс өтіп, жеңіп, ары қарай келесі кезеңге сеніммен аяқ басуына көмектесейік..

Аналарға кеңестер