Get Mystery Box with random crypto!

БАЛАҢЫЗ ҮШІН КАЛЬЦИЙДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ. Кальций адам денсаул | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

БАЛАҢЫЗ ҮШІН КАЛЬЦИЙДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ.

Кальций адам денсаулығына пайдалы элементтердің бірі. Ол:
жүрек
сүйек
бұлшықет
жүйке жасушаға
қан ұю қызметінде маңызды рөл атқарады.

Бала өсіп келе жатқан ағза болғандықтан, кальций өте өте қажет. Ағзаға табиғи түрде түсуі өте қажет.

Біз пайдаланатын сыйыр сүтінде 100граммында не бары 120мг кальций болса,ал сүзбеде 80мг кальций болады.Сонымен қатар секілді өсімдіктерде де бар.

6-айға дейінгі балаға-400мг.Яғни бұл АНА сүтімен түседі.
6-12ай аралығында 600мг.қосымша тағамдармен түседі.

Бір тәулікте кальциді қанша мөлшерде қабылдау керек
3жасқа дейін 600мг.
4-10жаста 800мг.
10-13жаста 1000мг.
13-16жаста 1200мг.

Ағзаға міндетті түрде Д вит.қажет.
Д вит.жеткіліксіз ағзаға түскен Кальцидің тек 15-20% ғана сіңеді.Сіз қанша Кальций мол тағам берсеңізде,ол ағзаға толық сіңбейді.Сол үшін Д вит.беруді ұмытпаңыз.

Сіз кальций көп тағамдар бересіз бе балаңызға?Балаңыздың тісі үгілкіш пе?

Аналарға кеңестер