Get Mystery Box with random crypto!

Баланы омыраудан шығару үшін ең алдымен Ана да бала да психо | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Баланы омыраудан шығару үшін ең алдымен
Ана да бала да психологиялық тұрғыда дайын болуы тиіс !

Ана өзі дайын болмай, баламен бірге қиналып, шыдай алмай қайтадан емізіп қоюға немесе баланы тастап алыс кетуге болмайды !
Балаға бұл жағдай ауыр соғады, сондықтан баланың еркелігін көтеруге дайын болған дұрыс.
қалаған, ұнаған тамағын жасап, шомылдырып, серуендетіп, баламен ойнаған дұрыс.
бала кем дегенде жасына жеткен болу керек , негізі 2 жасқа дейін емізген дұрыс.

Асықпай бірінші өзіңіз дайын болған соң, күндізгі емізуді қысқарта отырып, омыраудан шыгарамыз...

Баланы омыраудан шығаруға жыл мезгілінің қатысы жоқ !
Жоспарлы түрде , емгісі келсе,орнын басатындай етіп айран немесе смесь беріп, балаға көңіл бөлген дұрыс.

Бастапқыда түнгі уақытта емізу керек, себебі бала көбінесе түнгі ұйқыға жатарда қорғаныш сезімін,анасының мейірімін қажет етеді.
Омырауды байлауға болмайды...
1 жастан асқан бала 2-3 рет емсе, 1-2 рет сүтті сауып тастау керек, кейіннен күніне бір рет сауыңыз, қажеттілік жоқ болғандықтан сүт келуі де азая бастайды.

⚕ Сондықтан, сүт безінің қабынуын, сүт безінің қатып қалып мастит сынды асқынуларға алып келуінің алдын алу үшін , балаңыз да психологиялық соққы алмауы үшін омыраудан дұрыс және жоспарлы түрде, балаға да өзіңізге де ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жағдайда шығарған дұрыс!

Аналарға кеңестер