Get Mystery Box with random crypto!

Жүкті әйелге қажетті витаминдер Жүктілік кезінде қандай вит | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Жүкті әйелге қажетті витаминдер

Жүктілік кезінде қандай витаминдер қабылдау керек, жалпы витамин қабылдаған дұрыс па деген сұрақтар туындайды
Егер сіз құнарлы тағамдар, жеміс-жидектер мен көкеністермен жиі қоректенетін болсаңыз, фолий қышқыланан басқа (В9 витамині)қабылдаудың қажеті жоқ.Поливитаминдер тек көрсеткіш бойынша Фолий қышқылы (В9). Тәуліктік норма 200 мкг, ал жүктіліккке дайындық кезінде оның қажеттілігі екі есе артады. Фолий қышқылын бала көтерген соң да 12 аптаға дейін қабылдаған жөн. Оның жетіспеушілігі сәбидің ой-кемістігіне және мидың дамуына қатысты басқа да ауытқушылықтарға себепкер болуы мүмкін.12 аптадан кейін қабылдаудың қажеті жоқ. Фолий қышқылын жүктілікті жоспарлағаннан бастап,яғни 1ай бастаған дұрыс.
Темір
Құрамындағы темірдің мөлшері төмен диета овуляцияны қиындатуы мүмкін және бала бітуіне кедергі жасайды. Сіздің темірге деген қажеттілігіңіз де сондай-ақ жүктілік кезінде айтарлықтай өседі. Есіңізде болсын кальций мен темірді бірге қабылдасаңыз,темір сіңірілмейді. Д3 витамині-кальций мен фосфорды сіңіруге қатысады.Тәуліктік қажеттілік 600-1200 МЕ/тәул. Мен 1ші жүктілігімде-фолий қышқылын,20аптадан бастап кальций мен йодамарин іштім. Ал 2ші жүктілікте-12 аптаға дейін фолий қышықылын,18аптадан бастап Элевит,кальцемин іштім,бұл витаминдерді 30аптаға дейін қабылдадым,32аптада гемоглобин төмендеп кеткеніне байланысты гинотардиферон ишіп жүрмін,қазір қалыпқа келді.

Сіздер қандай витамин қабылдадыңыздар?

Пайдалы ақпараттар