Get Mystery Box with random crypto!

ЕТЕККІР ТҮСІ НЕ ҮШІН ӨЗГЕРЕДІ? ⠀ Етеккір түсі - әйел денсаулы | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

ЕТЕККІР ТҮСІ НЕ ҮШІН ӨЗГЕРЕДІ?

Етеккір түсі - әйел денсаулығының көрсеткіші екенін білдіңіз бе?

Егерде әйел денсаулығында ешқандай да кінәрат болмаса етеккір түсі қан тамырлар арқылы өтетін қан түсінен аздап қанықтау болуы керек.

Кейбір өзгерістер денсаулық жайында келесідей хабарлар береді:

Қызғылт түс (Розоватый)

Ағзадағы эстроген гармонының төмендегені туралы белгі: дұрыс тамақтанбау, ауыр жұмыспен айналысу себеп болуы мүмкін.

Сұйық болуы (Водянистый)

Ағзадағы қоректі заттардың азайуының белгісі болуы мүмкін. Егер етеккір уақыты өте қысқа болатын болса, қан аздықтың белгісі де болады.  Мұндай жағдай бірнеше етеккір циклінде қайталанатын болса, анализ тапсырып, тексерілген дұрыс.

Қоңыр түсті (Коричневый)

Мұндай түс қалыпты жағдай, яғни қан оттегіге қаныққан кезде қоңыр немесе қара түсті болуы мүмкін. Кей кездері бұл жатырдан тыс жүктіліктің белгісі болуы мүмкін (өте сирек).

Тосап секілді түйіршіктелген (Похожие на джем выделения с комочками)

Етеккірдің мұндай қалпы прогестерон гармонының төмен және эстроген гармонының жоғары екендігінің белгісі. Қанды түйіршіктер аз көлемде болса бұл қалыпты жағдай. Егер өте үлкен көлемде болса бұл ағзадағы гармоналды бүзылыстың белгісі. Талдау жасатып, дәрігерге қаралған жөн.

Ашық қызыл (Ярко-красный)

Қалыпты етеккір циклінің белгісі.

Етеккір циклінің түсі ауыр жұмыс істегенде, жиі стрессті күйде жүргенде өзгеруі мүмкін.

Сіздегі етеккір түсі қандай?

Құрбыңызбен бөлісіңіз