Get Mystery Box with random crypto!

Йод жетіспеушілігі Йод – адамның қалыпты өсуі мен дамуына қ | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Йод жетіспеушілігі

Йод – адамның қалыпты өсуі мен дамуына қажетті микроэлемент болып табылады

Йод жетіспеушілігі ағзаға қалыпты қабылданып отыратын йодтың жеткілікті дәрежеде болмауынан пайда болады. Балалардағы йод жетіспеушілігі салдарынан

бала ақыл-ойының артта қалуы
көңіл күйінің тұрақсыздығы
депрессияға ұшырауы мүмкін әлсіздік ұмытшақтық
есте сақтау қабілетінің төмендеуі
оқушылар зейіні шоғырлануының төмендеуі қозғыш болып келеді.

Сонымен қатар, жүйке жүйесімен қоса барлық ағза зардап шегеді. Балалар бас сүйегі ішіндегі қысымға байланысты бас ауруына, әлсіздіктің пайда болуына, терінің сұрлануына шағымданады, кардиологиялық өзгерістер – ырғақтың бұзылуы, АҚ жоғарылауы немесе төмендеуі, инфекциялық және суық тию ауруларының жиілеуі, екінші иммундық жетіспеушілігі салдарынан өткір аурулардың созылмалы түрге өтуі, бұлшық ет әлсіреуіне байланысты дене бітімінің өзгеруі болуы мүмкін. Осының барлығының себебі – йодтың жетіспеушілігі.

себептер: дұрыс тамақтанбау
микроэлементтер мен дәрумендер жеткіліксіздігі.

Йодтың 90 пайызын адам тағамнан алады, ал қалғандарын ауа мен судан алады.

Йод жетіспеуінің алдын алудың ең бір тиімді жолы
йодпен байытылған теңіз өнімдерін,
ет
сүт, жұмыртқа ағзаға йод беретін негізгі тағамдар екенін есте ұстаңыз. Бірақ ет пен балықты қайта-қайта мұздатқанда йод жойылып кетеді.
Сонымен қатар көкөністер ішінде – қызылша, шпинат, қызанақ, сәбіз, картоп, орамжапырақ, пияз, бұршақ, сарымсақ, ал жеміс-жидектер ішінде – құрма, алма, жүзім, шие.

Йодты тұтыну қажеттілігі адамның жасына байланысты.

Емшектегі балаларға және сәби жастағыларға (5 жасқа дейін) - тәулігіне/90 мкг

Мектеп жасындағы балаларға (5-12 жас)- тәулігіне/120 мкг

Ересектер үшін (12 жас )- тәулігіне/150 мкг

Емізулі және жүкті әйелдерге –тәулігіне/250 мкг/

Құрбыңызбен бөлісіңіз