Get Mystery Box with random crypto!

Жалғасы ЕМШЕКТЕН ШЫҒАРҒАНДА АНАНЫҢ ДА, БАЛАНЫҢ ДА АҒЗАСЫ МЕН | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Жалғасы

ЕМШЕКТЕН ШЫҒАРҒАНДА АНАНЫҢ ДА, БАЛАНЫҢ ДА АҒЗАСЫ МЕН ПСИХИКАСЫ ЗАРДАП ШЕКПЕУІ ТИІС!
Біздің санамызда қалыптасқан бір түсінік "ана мен баланы уақытша айыру" Өзіңіз ойлап көріңізші қандай ауыр сөз! Баланы да өзіңізді де қинамай ең дұрысы ыңғайлы уақытты табу. Әрине әр ананың емшектен шығару себебі де әр қилы.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Емшектен шығару кезінде балада мына белгілер болмауы тиіс:

Ауыру;
Қызуы көтерілу;
Тіс шығу кезеңі;
Екпе салдырған уақыт.

Сонымен қатар баланы жылдың салқындау мезгілінде шығару керек. Ыстық мезгілде, шілде айында шығару баланың денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін.
Баланың бойында бұл жағдайлар байқалмаса батыл шешім қабылдай беріңіз!
1. Күнделікті емізу уақытын жаймен кемітуден басталады. Мұндайда баланы басқа да тағамдармен, ойынмен немесе таза ауада серуендеумен алдандыруға болады.

Баланы анасынан алыстатудың орнына екеуі бірге уақытты көбірек өткізіп, ембесе де анасының жанында екенін сезінгені дұрыс. Сонымен қатар, ата-әжесі, әкесі мен бауырлары да қасында болса, бала емшектен оңай әрі ешқандай зардапсыз шығады.

2. Үш күндей баланың емуді кеміткенін бақылауда ұстаған жөн. Ол қалай қабылдады? Іздемеді ме? Оны не алдандырды? Осының барлығы анасы мен жақындарының назарында болғаны дұрыс.

3. Үш күннен соң енді емізу уақытының екеуін кеміту керек. Бұл кезде де баланың жанында болып түрлі нәрселермен алдандыру қажет.

4. Осылайша кезегімен күндізгі емізу уақытын толықтай тыйып, тек кәдімгі балалар тағамдарымен тамақтану тәртібі жолға қойылады.

Ақпарат пайдалы болса смайлик қалдырыңыз

Аналарға кеңестер