Get Mystery Box with random crypto!

⠀ 'Баланы қалай емшектен шығаруға болады?' ⠀ Сәбиін емізетін | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік


"Баланы қалай емшектен шығаруға болады?"

Сәбиін емізетін ананың да ең бір қиналатын тұсы осы. Тек анасы ғана емес, емшек сүтінен ажырау балаға да оңай болмайды. Сол үшін ескеретін жайт:

Ананың психологиялық дайындығы (Егер ана дайын болмаса емшектен шығарғаны үшін өзін кінәлі сезінеді)

Емшек сүті баланың рационында тағамдық өнім ретінде маңызды рөл атқармауы тиіс.

Сәби емшектен шығуға қай кезде дайын болады?

туған кезінен бастап сәбидің салмағы екі еселенсе;
қосымша тамақтың барлығына үйренген болса;
12 сағат бойы ембеуге шыдап үйренсе;
Бөтелке, емізік, саусақ сормауға әдеттенсе, демек емізуді тоқтатуға болады деген сөз.
Кең көлемді тақырып болғандықтан екіге бөлуді жөн көрдім.

Жалғасын күтесіз бе?
Төменге + белгісін қалдырыңыз

Аналарға кеңестер