Get Mystery Box with random crypto!

Баланың дене қызуы көтерілгенде тәжірибелі аналардың өзінде па | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Баланың дене қызуы көтерілгенде тәжірибелі аналардың өзінде паника басталады. Сәби әлсіреп, денесі қызып, анасының алдына отырып, кеудесіне тығылған кезде, алғашқы жәрдем берудің барлық әдістері ойынан шығып кетеді. Анасы үйдің ішінде бейберекет сеңделіп, «білетін адамдарға» хабарласып, балалардың денсаулығы жайлы медициналық анықтамалықтарды жан ұшыра ақтарып, әбігерге түсе бастайды.

Егер температура 38 °С жоғары болмаса, және бала оны жақсы көтерсе, онда қызуды түсіретін дәріні берудің қажеті жоқ. Өйткені дене қызуы көтерілген кезде ағза инфекциямен тиімді күреседі, сондықтан аса қажеттілік болмаса, оны түсіру керек емес. Баланың жүйке ауруымен ауыруы (невропотологта есепте тұрса) немесе температураны ауыр көтеруі ерекше жағдайдайлар болып табылады – бұл кезде қызуды түсіретін дәріні 37,5 °С бастап беру керек.

Егер температура 38°С-қа дейін болса дәрісіз температура түсіріп көріңіз. Балаға көп су ішкізіңіз – сол кезде ағзадан вирустардың өмір сүру барысында пайда болатын уыттар «шайылып кетеді». Бәрінен де ең жақсысы – лимон, таңқурай қосылған жылы шай, бал қосылған жылы сүт (егер оған аллергиясы болмаса) берген жақсы. С дәрумені бар морс, компоттар, шырындар өте пайдалы. Сондай-ақ минералды су, шөп қайнатпалары, жемістен жасалған шәй да жақсы көмектеседі.
Бөлмені тұрақты түрде желдетіп тұрыңыз және мүмкіндігінше ауаны ылғалдандырыңыз. Бұл мақсатта бөлмеде су құйылған 3 литрлік құтыны қойып қоюға және дымқыл сүлгіні іліп қоюға болады. Ауа температурасы 20-21 градустан аспауы тиіс.
Баланы «қабат-қабат» киіндіріп, шамадан тыс ораудың қажеті жоқ. Қызу қауіпті деңгейге көтерілсе, бұл шаралар ыстық өтуге алып келуі мүмкін. Артық жылу еш кедергісіз сыртқа шығуы үшін, науқастанған баланы жеңіл-желпі киіндіріңіз, жөргек немесе жеңіл көрпе жауып қойыңыз.
Баланы сірке сумен, спиртпен сүртудің немесе суық жылытқымен құрсатудың қажеті жоқ. Спирт тері арқылы өте жақсы сіңеді және бала ағзасының улануына алып келуі мүмкін.

Егер бұл әдістер нәтиже бермесе, сіз балаға ыстық түсіретін дәрі бере аласыз. Балалардың дене температурасын төмендетуге арналған қауіпсіз дәрі-дәрмектер - баланың салмағына негізделген дозада парацетамол және ибуфропен көмектеседі.

Аналарға кеңестер