Get Mystery Box with random crypto!

Жүктілікті жоспарлау Жанұяңызға келетін тағы бір адамның паи | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Жүктілікті жоспарлау

Жанұяңызға келетін тағы бір адамның пайда болуын жоспарлау өзіңіз үшін де, келер ұрпақ үшін де тиімді. Себебі жүкті екенін білмей, уыс уыс дәрі ішіп, рентгенге түсіп немесе алкогольдік сусындар қабылдап қойып, кемтар туылып жатқан балалардың саны аз емес. Алғашқы 12 апта бала денсаулығы үшін ең қауіпті кезең. Себебі осы үш айда бала ағзасында барлық органдардың негізі қаланады. Егер белгілі бір орган қалыптасып жаткан кезде рентгенге түсіп, антибиотиктер қабылдап немесе инфекциялық аурулармен ауырып қалсаңыз сол органда балада ақау болуы әбден мүмкін.
Әйелдердің көбісі жүктілікке дайындық дегенді антибиотиктер (цефазолин, метрогил т.б) ыстық укол (кальций хлор) салдыртып, астына (қынапқа) санация жасатып барып, көтеру деп түсінеді. Бұл мүлдем дұрыс емес жандарым. Себебі антибиотиктен кейін иммунитет төмендеп, керісінше вирустық аурулар жиілеп кетеді, ал қынапты санациялау деген қазіргі кезде тіпті қолданылмайды, себебі ол керісінше өзімізді қорғайтын лактобактерияларымызды жойып жібереді.
Сонымен қалай дайындалу керек. Жүктіліктен 6 ай бұрын:
1 терапевт кеңесі - қан қысымын, анемия бар жоғын, бүйректі тексертесіз. Егер қанда не зәрде өзгерістер болса ем қабылдайсыз. Егер ауытқулар болмаса ешқандай ем керек емес.
2 Өкпені флюрага түсіресіз
3 Сифилиске және вичке анализ тапсырасыз
4 Жатыр мен сүт безін Узиге түсіресіз
5 Стоматологка көрініп, тісіңізді емдетіп аласыз, себебі жүктілік кезінде кальций азаюына байланысты тіс тез бүлінеді
6. Гинеколог кеңесіне барасыз. Егер гинекологыңыз ешқандай анализдер алмай бірден антибиотик немесе ыстық укол, иммуностимуляторлар сиякты бірдеңелер жазса ол жерден қашып кетіңіз. Яғни әрбір қолданған препаратыңыздың шынымен пайда әкелетініне көз жеткізбей қабылдамаңыз.

Мүмкін ол сонша қымбат бағада сатып алған дәрінің сізге мүлде пайдасы жоқ болуы да мүмкін.
Егер барлық анализдеріңіз жақсы шықса күйеуіңізбен бірге тек фолий қышқылын қабылдайсыздар.

Сондай ақ дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салты үлкен рөл атқарады. Жүктілігіңізді білген күннен бастап өзіңізге ерекше күтім жасаңыз.

P.s Жүктіліктің арасы екі жылдан кем болмауы керек. балаңызды екі жасқа дейін емізіп, содан соң келесі жүктілікті жоспарлаңыз.

Аналарға кеңестер