Get Mystery Box with random crypto!

Овуляция күнін санап үйренейік жүктілікті жоспарлап жүрген ә | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Овуляция күнін санап үйренейік

жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдердің көбісі бұл сөзді жақсы біледі. Себебі овуляция болмаған жағдайда жүкті болу мүмкін емес.
.
Аналық безде бірнеше мыңдаған (250-500мың) фолликулдар болады. Ай сайын солардың біреуі өсіп, дамып жетіледі де жарылып ішінен аналық клетка шығады соны овуляция дейді.

Бұл овуляция бірнеше факторлардың (гормондардың, витаминдердің, ферменттердің, цитокиндердің. Т.б түрлі химиялық қосылыстардың) қатысуымен жүретін күрделі процесс.

Бір фактордың жетіспей қалуының өзі овуляцияның болмауына әкеледі. Тіпті Стресс, климат ауыстыру, инфекциялық аурулар болса да овуляцияға кері әсерін тигізеді.

Тіпті осы айда овуляция болады ма екен деген уайымыңыздың өзі мидан бөлінетін кейбір гормондардың немесе баска да факторлардың ауытқуына себеп болуы мүмкін. Нәтижесінде фолликул өспей қалып овуляция болмай қалуы мүмкін. (Сол себепті овуляцияның болуы ми тыныштығынан басталады)

Жылына әйел баласында 9-10рет овуляция болады. Яғни кейбір циклдарымыз овуляциясыз да өте беруі мүмкін.

Овуляция менструалды циклдың ұзақтығына қарай әр әйелде әр түрлі болады. Менструальды цикл бір еттеккірдің бірінші күнінен бастап келесі еттеккірдің бірінші күні арасындағы уақыт. Көп әйелдер менструацияның соңғы күнінен бастап есептейді, ол дұрыс емес. Овуляция еттеккірге 14күн қалғанда болады, тиісінше овуляциядан кейін 14 күн өткенде еттекір келеді. Сонымен есептейік егер менструалды циклыңыз 30кундік болса 30-14=16 демек овуляция циклдың 16-шы күні болады, ал менструалды циклыңыз 24 күндік болса 24-14=10 яғни овуляция циклдың 10-шы күніне сәйкес келеді.

Доминантты фолликул Осип дамып жетілген соң әдетте көлемі 18 мм асканда жарылады. Овуляциядан кейін бір тәулікке дейін аналық клетка ұрықтануға қабілетті.
Овуляцияның болғанын билдиретин бирнеше жағдайлар бар овуляция кезінде иштин төменгі жағында оң жактан немесе сол жактан тартып ауырсынуы мүмкін. Жыныс жолдарынан сілемейлі созылғыш бөлінді кейде кан аралас шығады. Кейде кан аралас жағынды болуы мүмкін. УЗИ арқылы, тест на овуляцию.

Аналарға кеңестер