Get Mystery Box with random crypto!

Балалардағы іш қату Іш қату өте үлкен тақырып. Ең маңызды м | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Балалардағы іш қату


Іш қату өте үлкен тақырып. Ең маңызды мәліметтерді беретін боламын. Ал, кеттік

Іш қату дегеніміз - нәжістің кешігуімен, оның қатайып, құмалақ тәрізді болып, күшену, ауырсынумен шығуымен жүретін ішек қызметінің бұзылысы.

Егер бала тек қана ана сүтімен қоректенетін болса, 7 күнге дейін, одан үлкендер 2-3 кун отырмаса, мазасызданбаса және үлкен дәрет консистенциясы жұмсақ болса, ешқандай свеча, дәрісіз өздігімен отырса, бұл іш қату емес.

Жаңа туылған сәбилер күніне 7-8 ретке дейін, 6 ай -2 жас балалар 2-3 рет, 2 жастан асқан балаларда күніне 1 рет немесе жоғарыда айтқандай өздігімен, қиындықсыз бірнеше күн аралықта отырса да қалыпты болып есептеледі.

Іш қатудың себептері:

6 айға дейінгі сәбилерде: ас қорыту жүйесі толық дамып-жетілмегендіктен, анус спазымы, анасының дұрыс тамақтанбауы, суды аз ішуі, көкөністер мен жемістерді қажетті мөлшерде тұтынбағанда, Д витамин жеткіліксіздігі, қалқанша без қызметінің төмендеуі, смесь ішетін балаларда смесьті дұрыс таңдамау.
Емі: іш массажы, анус массажы, глицерин свечасы, анасы тамақтануын дұрыстау, смесь дұрыс таңдау, баланы тосуға үйрету. Іш қату болса мына смесьтер : Кисломолочный адаптированный НАН, Нутрилон камфорт. Дәрігермен кеңесіңіз

6 айдан асқанда, ПРИКОРМ енгізуден кейін болатын іш қату. Сиыр сүтін бірден беруге болмайды. Өздеріңізді емес, бала денсаулығын ойлаңыздар.
Емі: қосымша тамақ көлемін азайту, жаңа піскен алма, киви,қара өрік енгізу, су беру.
⠀ 1 жасқа дейінгі балаға сиыр сүтін бермеңіздер!
1 жастан асқан сон:
тамақтагу, психологиялық жағдайлар: горшоктан қорқу, бала бақшада үлкен дәретке отырған кезде жайсыз сезіну, анатомиялық ерекшеліктері т.б.
Емі: Көбірек жемістер: алма, банан, киви, құрғақ жемістер, слива, жүзім, клубника т.б.
Су, 1 кг салмаққа 30 мл есептеледі.
Ұн тағамдарын азайту.
фаст-фудты шектеу.
Газдалған суларды ішкізбеу.

Сонымен, 6 айға дейін АНА өз тамағын реттесе, бала қиналмайды! 6 айдан кейін дұрыс ПРИКОРМ енгізсеңіз, балада іш қату болмайды.

Аналарға кеңестер