Get Mystery Box with random crypto!

Оргазм ләззат алу. Бұл сөзді естігені болмаса өмірінде басына | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Оргазм ләззат алу.

Бұл сөзді естігені болмаса өмірінде басынан кешіріп көрмеген әйелдер арамызда жеткілікті.

Оған себеп күйеулерінің олақтығы екені сөзсіз. Себебі әйелге күйеуінен басқа оргазмды кім силай алады, қазақ әйелдері күйеуінен басқа еркекті төсегінде тіпті представить ете алмайды ғой.

Ал оргазм алып көрмеген әйел оның не екенін, қалай алу керек екенін кайдан білсін? Әйелінің бойындағы G нүктелерін қоздырып, санасынан айыратындай ләззат силау тек ерлердің қолында.

Ең болмаса бір рет оргазм дәмін сезген әйел, оны қайта алуға қарсы болмас еді.

Дегенмен Кейде әйелдер босанғаннан кейін оргазм алуының қиындап кеткенін айтып жатады. Әрине ол жыныс мүшесіндегі босанудан кейін болатын өзгерістерге байланысты.

Жалпы оргазмның үш түрі болады Клиторалды(клиторальный)
Қынаптық(вагинальный)
Жатырлық(маточный).

Босанғаннан кейін көбіне қынаптық және клиторалды оргазм әлсірейді. Босанғаннан кейін, эстрогеннің азаюынан қынап бұлшықеті атрофиялана бастайды да G нүктелерінің сезімталдығы төмендейді, оған себеп қынап пен кіші ерін бұлшықеттерінің тонусының төмендеуі, созылуы.
Мундай жағдай орын алғанда еркекті кінәлау артығырақ.

Ал не істейміз?

Себептің бәрі бұлшықеттердің тонусы төмендеп атрофиялануынан болғандықтан солардың тонусын калыпқа келтіріп, G нүктелерінің клеткасын жаңарту керек. Естеріңізде болса мен сіздерге алдыңғы постта плазмалифтинг жайлы айтқан болатынмын. Тромбоциттермен қаныққан плазманың да қызметі сол, клеткаларды жаңартып, бұлшықеттерді қалыңдатату. Сондай ақ бұл жерде Кегель жаттығуларының маңызы зор.

Эхх қыздар осы қарапайым жаттығулардың қаншалықты кереметтігін білсеңіздер ғой...

Алайда көптеген келіншектер үшін астының кеңейіп, босаңсып кетуі, оргазмның әлсіреуі еш алаңдатпайды, тек қынап, жатыр төмен түсіп, зәр шығару киындағанда бірақ гинекологка келеді. Ал асқынып кеткені соншалық кейде тіпті операция көмектесе алмайтын жағдайлар болады.

Қыздаааар оргазм алу үшін алдымен өзіңіз дайын болуыңыз керек. Қозу процесінен ұялмаңыз.

Төсекте тақтай ұксап жатпаңыз. Егер күйеуіңіз ешнәрсе істей алмаса өзіңіз іске кірісіңіз. Маааа ұятсыз болып кеттім

Аналарға кеңестер