Get Mystery Box with random crypto!

Нәрестенің кеудесін сығуға болады ма? Әжем айтты, енем өйтт | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Нәрестенің кеудесін сығуға болады ма?

Әжем айтты, енем өйтті, анау бүйтті...

Жандарым біреудің ойын тыңдайтын заман ба? Медицина Аллаға шүкір дамып жатыр, интернет қолыңызда

Көптеген қазақ отбасыларында кездесетін жағдай - жаңа туылған нәрестенің сүт безін сығу.

Өкінішке орай, көпшілік жас аналар білмеуі мүмкін бірақ үлкендер баланың анасымен ақылдаспай, педиатрмен кеңеспей жасап жатады.

Ия, қазір жазатындар табылады. Біздікін де сыққан, өлмей-ақ жүрміз ғой, ақылды болма т.б пікірлер. Ол кезбен қазіргі кезді салыстырмаңыз. Мысалы, ол кезде тіс іріңдесе, т.б жағдайларда инемен тесіп іріңді шығарып жүре берген. Ештеңе де болмаған! Қазір солай жасап көріңізші Неше түрлі инфекцияны жолықтырасыз. Солай ма? Осы нәрсе дұрыс па, әлде бұрыс па? Кеңінен тоқталайық:

Медицинада қарсы көрсеткіштері болғандықтан түбегейлі қолданылмайды. ДҰРЫС ЕМЕС!

Сүт безін сығудың зияны:
Сүт безі ассиметриясы(екі омырау екітүрлі өлшемде болуы);
Балада тек ауырсыну шақырып қана қоймай, ИНФЕКЦИЯ ену көзіне айналады;
Гормондық өзгерістер;
Мастопатияға бейімділік т.б

"Ештен кеш жақсы", - дегендей, білмеген болсаңыз. Енді білдіңіз СЫҚПАҢЫЗДАР! СЫҚТЫРМАҢЫЗДАР!

Сонда баланың сүт безінен шығатын ақ сұйықтық не болды?,-десеңіз:

Ол - жыныстық криз болып табылады. Нәрестеде болатын ТРАНЗИТОРЛЫҚ(қалыпты, уақытша болатын) жағдай
Яғни, бала іште жатқанда анасымен гормондары бір болып байланысып жатады. Туылғанда бойында анасының гормоны(эстроген) қалады. Ол сүт безінде шоғырланып томпайып көзге көрініп, ұстағанда білінеді. Кейде, сүт безінен уыз сияқты ақ бөлінді бөлінеді. Бұл - ҚАЛЫПТЫ жағдай. 1 айдан кейін өздігінен таралып кетеді. Сүт безінің ісінуі қайтып, орнына келеді. ЕШҚАНДАЙ ЕМДІ ҚАЖЕТ ЕТПЕЙДІ

ЕСКЕРТУ: Егер сүт безінің ұлғаюы қайтпаса, бала мазасызданып, дене қызуы көтерілсе - ДӘРІГЕР шақыртып, кеңесіңіздер!!!

Сықпаса көкірегі үлкен болып кетеді, үстінен қолаңса иіс шығады деген ойды біржолата ұмытыңыздар

Сіз балаңыздың сүт безін сықтыңыз ба?

Аналарға кеңестер