Get Mystery Box with random crypto!

Жүктілік кезінде іш кебу жиі кездеседі. Көбінесе, жүктіліктің | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Жүктілік кезінде іш кебу жиі кездеседі. Көбінесе, жүктіліктің алғашқы триместрінде пайда болады. Дені сау жүкті әйелдердің ішектерінде күніне шамамен 1,5 литр газ жиналады.

Оған себеп болатын негізгі факторларға тоқталайын:

Ағзада прогестерон гармонының деңгейінің жоғары болуы. Жүктіліктің бастапқы кезеңдерінде бұл гармон маңызды рөл атқарады. Прогестеронның жеткіліксіздігі түсік тастау қаупін де тудыруы мүмкін. Прогестерон жатырмен қоса, ішектердің де бұлшықеттерін босаңсытады. Ал, бұл өз кезегінде астың шіруіне, соның салдарынан газ түзілудің жоғарылауы мен іш қатуға алып келеді.

Гормондық фонның өзгеруі ұйқы безінің ферменнтерінің бөлінуіне ықпал етеді. Тамақтың қорытылуы нашарлап, қыжыл, кекіру қосылады.

Себептердің тағы бірі - дұрыс тамақтанбау. Газ түзілуін шақыратын тамақтарды жемеу керек.

Емі - дұрыс тамақтану.
Газдалған сусындар, майлы, тұздалған, қуырылған тағамдарды көп қолдану. Капуста, редиска, фасоль, горох, соя, саңырауқұлақ, кукуруза, жүзім, шабдалы, өрік, нан тағамдарын шектеу керек.
Біздің сүйіп жейтін асымыз - ет қой. Ет асып, қамырын тойып жейміз. Жүкті кезде қамырды шектеңіз.
Іш кебуін жеңілдететін тағамдарды - күріш, гречка, қызылша, сәбіз, балық, көк шай, көкөністер, су көп қолдану керек.
Ішек микрофлорасын қалпына келтіретін пробиотиктер - линекс, хилак форте, энтерожермин т.б дәрігердің тағайындауымен қабылдауға болады.
Эспумизан, боботик, укропная вода ішуге болады.
Энтеросорбенттер - СМЕКТА. Осы препаратты ұсынар едім.
Жалбыз қайнатпасы. Ол үшін жалбыздың кез-келген түрін (мяту перечную, колосовую мяту, котовник кошачий) қолдануға болады. Ол үшін 1 шай қасық жалбызды
1 стакан қайнаған суға араластырып, 5 минуттай қайнатып ішесіз. Күніне 1 стақан 2-3 күнде 1 рет.

Көбінесе, бірінші триместрдің соңында гормондар тұрақталып, ас қорытумен байланысты проблемалар жойылады.

Сізді де жүкті кезіңізде іш кебу, іш қату мазалады ма? Қанша уақытқа созылды? Қандай ем қабылдадыңыз?

Аналарға кеңестер