Get Mystery Box with random crypto!

Қыз бала гигиенасы Кейде қыз баланың жыныс мүшелері қызарып, | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Қыз бала гигиенасы

Кейде қыз баланың жыныс мүшелері қызарып, бөртіп, ісініп, зәр шығару кезінде ашып ауыруы мүмкін, қышу сезімі баланың мазасын алады.
Бұл жағдай вульвит деп аталады.

Кішкентай қыз балаларда эстроген гормоны әлі өте аз болуынан олардың жыныс мүшелерінің шырышты қабаты нәзік болады, тез жарақаттанады. Соның себебінен баланың сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы болады.

Вульвит мынандай себептерден де болуы мүмкін:
-Жөргектерді (памперс) жиі ауыстырмағаннан;
-Аллергиялар, мысалы кір жуатын ұнтаққа;
-Тар ішкиім қажап кетсе;
-Гельминтоздар ( ішек құрттары болса);
-Антибиотиктер қабылдағаннан кейін дрожжи өсуінен;
-Тамақ, құлақ, мұрын ауруларынан соң иммунитет төмендесе;
-Асқазан, ішек жолдары ауырса;
-Қант диабеті кезінде;

Маған приёмға кішкентай қыздарын көрсетуге алып аналар жиі келеді. Ең алдымен айтарым,баланың жыныс мүшелерін жуар алдында өз қолдарыңызды тазалап сабынмен жуыңыз.

Тырнақтарыңыз ұзын болса балаңыздың нәзік жерін тырнап кетуіңіз мүмкін.

Жаңа туған нәрестені әр зәр шығарған сайын жәй жылы сумен, ал үлкен дәретке отырған соң балаларға арналған сабынмен жуыңыз. Ал ылғалды салфеткаларды егер сумен жуындыру мүмкіндігі болмаған кезде ғана қолданыңыз.

Баланың жыныс мүшелерін жуған кезде алдынан артқа қарай жуындырыңыз.
Су өте ыстық немесе салқын болмауы керек.
Марганцовкамен немесе үлкендерге арналған гельдер қолданбаңыз.

Баланың іш киімдері таза, ақ түсті бояусыз, мақта матадан болғаны дұрыс.

Баланың киімдерін, төсек заттарын 60-90С жуыңыз.

Сіз қызыңызда бәрі жақсы ма? Сұрағыңыз болса жазыңыз.

Аналарға кеңестер