Get Mystery Box with random crypto!

1 айға дейінгі баланың дамуы баланың алғашқы айын бейімде | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

1 айға дейінгі баланың дамуы

баланың алғашқы айын бейімделу кезеңі деп атайды, ананың құрсағынан шығып алғаш тыныс алған сәттен бастап, бала жаңа ортаға үйрене бастайды. Сол себепті осы айында балаға ана тарапынан көп көңіл бөлінуі керек

Балаға ыңғайлы қалыпта, жиі-жиі мейірлене еміземіз, әсіресе алғашқы күндергі уызды
Ұйқысы 14-18 сағат аралығын құрайды
Кіндігі 3-15ші күн аралығында түседі, түскен кезде ешбір затпен өңдемейміз, өздігінен 3 аптаға дейін жазылады
Нәжісі сары, қоңырлау, жасыл түстер қалыпты, тәулігіне 1-10 ретке дейін, сұйық немесе қоймалжың болады.
Салмақтың алғашында 10%-ын жоғалтады, 2-3ші апталарында аптасына 150-200гр-нан салмақ жинап бастайды

Баланың бұл айдағы жетістіктері
Баланы ішпен жатқызсаңыз, басын көтеруге талпынады. Осы арқылы ол мойнын, арқасын және иығын жаттықтырады
Дыбыстарға назар аудара бастайды, дыбыс естілген жағына басын бұрады
Ойыншықты көзімен бақылай алады

Роддомнан шыққан соң поликлиникадан педиатр келіп патронаж жасайды, шағымдар түсінбеген сұрақтарды сол кісіден біліп аласыздар
Бала 1 айға толғанда баланы невролог, хирург, окулист тексеріп қарайды

Осы тақырыпта сұрақтарыңыз болса, комментарияға жазсаңыздар болады