Get Mystery Box with random crypto!

Босанғаннан кейін кейбір әйелдерде мынандай проблемалар бо | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Босанғаннан кейін кейбір әйелдерде мынандай проблемалар болуы мүмкін:

1)Интимдік аймақта босану кезінде жыртылуына байланысты ауырсыну сезімі;

2)Жөтелгенде, күлгенде, секіргенде зәрді ұстай алмау;

3)Геморрой

4)Интимдік аймақтың терісінің түсі қарайып кетуі;

5)Шашы көп түсуі, тырнақтары сынғыш болуы, терісі құрғауы;

6)Іші салбырап қалуы;

7)Босанудан кейінгі депрессия;

8) Coitus кезінде қынаптан жел шығуы, қынаптың кеңеюі;

Зәрді ұстай алмауды емдеу үшін Кегель жаттығуын жасаңыз. Кегель жаттығуын дұрыс және жүйелі түрде жасайтын болсаңыз зәрді ұстай алмау, геморрой мазаламайтын болады.

Интимдік аймақтың терісі қараюын химиялық пилингтер арқылы қалпына келтіруге болады.

Шаштар көп түсуі, тырнақтар мен терінің жағдайы авитаминоздан болады. Сондықтан дұрыс тамақтанып, витаминдер қабылдаңыз;

Босанудан кейін депрессия статистикаға сүйенсек әрбір 4ші әйелде болады екен.
Таза ауаға көбірек шығыңыз, серуендеңіз.
Туыстарыңыздан, күйеуіңізден үй шаруасына, баланы қарауға көмек сұраңыз. Сәбиіңіз күндіз ұйықтаған кезде 15-20 минут болса да бірге ұйықтап демалып алыңыз.

Босанғаннан кейін 1,5- 2 айдан соң спорттың жаттығулар жасап сымбатыңызды қалпына келтіруді бастаңыз;

Кейбір әйелдерге қынаптың кеңеюінен, coitus кезінде жел шығуы жайсыздық тудырады. Дұрыс тамақтаныңыз, артық салмақтан арылып, спорттық жаттығулар жасаңыз, ағзаңызды шынықтырыңыз.
Кегель жаттығуын жасап үйреніңіз.

Егер бұлар көмектеспесе филлерлер арқылы қынапты тарылтуға болады. Ол операция емес, амбулаториялық жағдайда жасалынатын процедура. Гинеколог дәрігері гиалурон қышқылы препаратын қынап қабырғаларына салады. Ауру сезімі болмайды, 20-25 минутта жасалады. Процедура 6 ай-1жылға жасалынады. Одан кейін босануға болады, еш зияны жоқ.

Осындай келеңсіздіктер мазаласа приёмға келіңіз, әрдайым көмектесуге дайынмын.

Сізде босанғаннан соң проблемалар болды ма? Жаза отырыңыз.

Аналарға кеңестер