Get Mystery Box with random crypto!

Гениколог ұсынатын дәрілер D дəрумені адам ағзасында күн сəул | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Гениколог ұсынатын дәрілер

D дəрумені адам ағзасында күн сəулесінің əсерінен түзіледі. Ол үшін тəулігіне 30 минут күн көзінде жүру керек.
Біздің ағзамыз үшін бұл дəруменнің маңызы өте зор.

Ол сүйектердің беріктігіне, бұлшықеттердің икемділігіне, жүрек-қантамырлар жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне, иммундық жүйені күшейтіп, түрлі ауруларды болдырмайды.

Бұл дəрумені ағзаның барлық жүйесіне əсер етеді.
Д дəруменінің тапшылығы мына факторларға алып келеді:

1. Инфекциялар мен аутоиммундық ауруларға бейімділік

2. Үнемі шаршап жүру

3. Депрессия

4. Шаштың түсуі

5. Бастың тершеңдігі

6. Жаралардың жазылуы нашарлайды

7. Көздің көруі нашарлауы

8. Апатия, əлсіздік

9. Ашуланғыштық

10.Ішек жұмысы бұзылуы (іш өту т.б)

11. Ауыз жəне тамақта қыжыл сезімі болуы
12. Онкологиялық аурулар пайда болуы

13.Бұлшықеттердің ауруы

14. Буындардың сырқырауы

Бұл дəрумен жетіспеушілігі балаларда, кəрі кісілерде, куні бойы офистерде отырып жұмыс істейтін адамдарда, жүкті əйелдерде өте жиі кездеседі.

Кейбір мəліметтер бойынша елімізде əрбір 10 адамның 8-інде осы витамин тапшылығы бар екен.

Егер сізде жоғарыда аталған симптомдардың 2-3еуі болса қан анализін Д- 25(ОН) тапсырып білуге болады. Қалыпты жағдайда ол 30нмоль/л төмен болмауы керек.

Аналарға кеңестер