Get Mystery Box with random crypto!

ЖАТЫРІШІЛІК СПИРАЛЬ. Жатырішілік спираль- ең ыңғайлы және ең | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

ЖАТЫРІШІЛІК СПИРАЛЬ.

Жатырішілік спираль- ең ыңғайлы және ең көп қолданылатын жүктіліктен сақтану әдісі.

Жатырішілік спиральді босанған әйелдерге ғана қолдану керек.

Бала тумаған әйелдерге және жыныс жолдарының қабыну аурулары бар әйелдерге спираль салуға болмайды.

Спиральдің басқа да сақтану әдістеріне қарағанда артықшылығы:
-арзан
-ұзақ уақыт қолданылады
-салмақ қосуға әсері жоқ
-жүктіліктен сақтау әсері жоғары

Оның бір кемшілігі - етеккір әдеттегіден көптеу келуі мүмкін.

Спиральдің Т тәрізді, қолшатыр тәрізді, сақина тәрізді түрлері бар. Әр әйелдің жатыр құрылымына, туған балалар санына ,тағы басқа жайттарға сәйкес спираль түрін таңдаймыз.

Спиральдің гормоналды түрі де болады. Мысалы Мирена.Оны емдік мақсатта ғана қолданамыз.

Сіз қандай әдіспен сақтанасыз?

Аналарға кеңестер