Get Mystery Box with random crypto!

Махаббаттың түсі

Telegram арнасының логотипі amaxambetlink — Махаббаттың түсі М
Telegram арнасының логотипі amaxambetlink — Махаббаттың түсі
Арна мекенжайы: @amaxambetlink
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 696
Арнадан сипаттама

Қарапайым өмірдегі қарапайым және қарапайым емес ойлар көбіне диалог түрінде

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 42

2021-06-04 20:50:34 - Сізде карта или QR?
- Налом.
- Е, көке, әзілдегің келсе басқа жерге бар!
275 views17:50
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 18:46:49 Жаңадан келіп жатқандарға сәлем. Соңғы жазылғандарды оқып "миыңа кірмей" жатқан болар.

Мұнда жазылмас бұрын мына нәрселерлі біліп алғаның жөн болар.

1. Оқырмандардың сұранысына қарай жазбаймын.

2. Көбіне диалог, біреудің фразаларын жазам. Қызық көрінген жерлерін.

3. Көбіне контекстен жұлып алам. Сондықтан, шын мәнінен басқаша түсініп қалуың мүмкін. Көбіне соған итермелеймін.

4. Соңғы бірнеше жазба күйзеліске шомылған. Жақында досым қайтып, естеліктерді ұмытпау үшін жазғам. Примерно контент қандай болатынын түсіну үшін 1-2 ай жоғарырақ жүр.

5. Көп сілтеме қалдырам. Әдетте ұнайды осындағыларға.

Бұл жер саған ұнайтынын/жақпайтынын қалай түсінуге болады?

1. Жоғарырақ барған жеріңде 10 минуттай оқып шыға алмай қалсаң, қала ғой. "WTF?" деп отырсаң, бөгелме.

2. Уведомление келген кезде қызығып ашып көргің келсе, демек ұнайды. Сразу жауып тастасаң, уведомление өшіріп көр. Кейін бір көз жүгіртіп шыққан кезде шығу керек болса, бірден түсінесің.

Айтпақшы, менің атым - Азамат. Мен махаббаттың түсі - сары деп ойлаймын.
260 viewsedited  15:46
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 17:44:01 - Сені кейде түсінбеймін.
- Сонда көбіне түсінесің ба не?
261 views14:44
Ашу / Түсініктеме
2021-06-02 16:09:21 Достар, "Психологпен шай" подкастының жаңа эпизоды шықты

Махаббат қанша жыл өмір сүреді?

Қоғамда кеңінен тараған "махаббат 3 жыл ғана өмір сүреді" деген ұғым рас па? Махаббатымызды жоғалтып алмас үшін не істеу керек? Бұл шығарылымда осы сұрақтардың жауабын іздейміз.

Шығарылымды мына сілтемелер арқылы тыңдауға болады:

Apple Podcasts | CastBox | Google Podcasts | Яндекс.Музыка

Подкасттың жаңа эпизодтары әр сәрсенбі @tolqynpodcasting арнасында жарияланып отырады. Шығарылым ұнаған болса пікір қалдыруды ұмытпаңыз
117 views13:09
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 14:00:27 Жетінші класта бірге ғылыми жоба қорғағанбыз. Жетекшіміз оны көбірек жақсы көретін. Оны өзіне келін қылып алуға қарсы емес еді.

Ақеркемен спорласқан кезде апай оған жақтасып кетеді. Сосын мен апаймен қоса қырылып отыратын едім.

Апайым Ақеркені жақтау үшін өзінің былтыр айтқан ережесін биыл басқаша айтып отыратын.

11-класқа келгенімде "есіңізде ме, солай айтып едіңіз ғой?" дегенімде есіне түсіре алмады. Ол кезде қазақ тілінен басқа апай дайындайтын. Ақыры мен әдебиет таңдадым, Ақерке химияға кетіп қалды.

Жанна апайға ризашылығым үлкен. Бүгін бір жылап алған болар.
198 views11:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 11:43:31 Соңғы сөйлескенімізде "Рахмет улкен" деп жазыпты.

Соңғы кездесуіміз 26 желтоқсанда болыпты.

Мынау сол кездегі сурет.
209 views08:43
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 11:29:10 Менің мектебімде адам аз болған. Ол аздың ішінде жалғыз конкурент еді. Басқа ақылдылар болды. Бірақ Ақеркемен ғана жарысып оқитынмын.

Ол менен әлдеқайда еңбекқор болған. Соның арқасында ҰБТ-да 4 балл көбірек жинаған. Сөйтіп Астанаға бірге келгенбіз.

Бір апай оны Ананди дейтін. Бір ағай СынЖу дейтін.

Екеуіміз бірге концертке ұқсайтын заттарды жүргізетінбіз. Ең бірінші рет жетінші кластағы алғашқы қоңырау болды. Содан кейін есейіп өзінше болып кеткенге дейін бәрін жүргіздік.

Оның мінезін ұқпайтынмын. Оған жыным келетін.

Ол жалпы маған жыны келген кезі біраз болған сияқты.

Қазір ойлансам тек күліп отырғаны мен мұрнын тыжырайтқаны ғана есіме келіп жатыр.

Оның мұрны мен аяғына қатысты көп әзілдедім.

Қазіргі сезімдерімді ұқпадым. Ұққан кезде жылар ма екем?
213 viewsedited  08:29
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 11:12:41 Ешқашан күн сөнбесін!
213 viewsedited  08:12
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 16:59:15 Смотрите "Қарлаг / Репрессия / Деректі фильм" на YouTube


130 views13:59
Ашу / Түсініктеме
2021-05-30 20:14:10 "Сен ғана жынды бола аласың ба?"
156 views17:14
Ашу / Түсініктеме