Get Mystery Box with random crypto!

Менің мектебімде адам аз болған. Ол аздың ішінде жалғыз конкур | Махаббаттың түсі

Менің мектебімде адам аз болған. Ол аздың ішінде жалғыз конкурент еді. Басқа ақылдылар болды. Бірақ Ақеркемен ғана жарысып оқитынмын.

Ол менен әлдеқайда еңбекқор болған. Соның арқасында ҰБТ-да 4 балл көбірек жинаған. Сөйтіп Астанаға бірге келгенбіз.

Бір апай оны Ананди дейтін. Бір ағай СынЖу дейтін.

Екеуіміз бірге концертке ұқсайтын заттарды жүргізетінбіз. Ең бірінші рет жетінші кластағы алғашқы қоңырау болды. Содан кейін есейіп өзінше болып кеткенге дейін бәрін жүргіздік.

Оның мінезін ұқпайтынмын. Оған жыным келетін.

Ол жалпы маған жыны келген кезі біраз болған сияқты.

Қазір ойлансам тек күліп отырғаны мен мұрнын тыжырайтқаны ғана есіме келіп жатыр.

Оның мұрны мен аяғына қатысты көп әзілдедім.

Қазіргі сезімдерімді ұқпадым. Ұққан кезде жылар ма екем?