Get Mystery Box with random crypto!

Жаңадан келіп жатқандарға сәлем. Соңғы жазылғандарды оқып 'миы | Махаббаттың түсі

Жаңадан келіп жатқандарға сәлем. Соңғы жазылғандарды оқып "миыңа кірмей" жатқан болар.

Мұнда жазылмас бұрын мына нәрселерлі біліп алғаның жөн болар.

1. Оқырмандардың сұранысына қарай жазбаймын.

2. Көбіне диалог, біреудің фразаларын жазам. Қызық көрінген жерлерін.

3. Көбіне контекстен жұлып алам. Сондықтан, шын мәнінен басқаша түсініп қалуың мүмкін. Көбіне соған итермелеймін.

4. Соңғы бірнеше жазба күйзеліске шомылған. Жақында досым қайтып, естеліктерді ұмытпау үшін жазғам. Примерно контент қандай болатынын түсіну үшін 1-2 ай жоғарырақ жүр.

5. Көп сілтеме қалдырам. Әдетте ұнайды осындағыларға.

Бұл жер саған ұнайтынын/жақпайтынын қалай түсінуге болады?

1. Жоғарырақ барған жеріңде 10 минуттай оқып шыға алмай қалсаң, қала ғой. "WTF?" деп отырсаң, бөгелме.

2. Уведомление келген кезде қызығып ашып көргің келсе, демек ұнайды. Сразу жауып тастасаң, уведомление өшіріп көр. Кейін бір көз жүгіртіп шыққан кезде шығу керек болса, бірден түсінесің.

Айтпақшы, менің атым - Азамат. Мен махаббаттың түсі - сары деп ойлаймын.