Get Mystery Box with random crypto!

МТ

Telegram арнасының логотипі amaxambet — МТ М
Telegram арнасының логотипі amaxambet — МТ
Арна мекенжайы: @amaxambet
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 795
Арнадан сипаттама

Жігіттерге арналған арна. Мұнда өзіміз туралы, қыздар туралы және солармен ортақ дүниелер туралы әңгіме айтамыз.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-08-02 21:40:03 Менен бәрі "сценарийді қалай жазасың, Азамат?" деп сұрайды.

Хаха, ешкім сұраған жоқ. Тек бірдеңе байқап қалдым жаңа. Жазып жатып, кейін үзіліс жасап жалғастырсам екі бөлі екі түрлі болып қалады екен.

Әдетте өзім үшін маңызды, алаңдайтын нәрселер туралы айтқым келгесін соны жазып отыр ауызбен айтып жатқанымды елестетем. Сол кезде айтып жатқандағыдай сезіммен жазылады. Яғни, ашулы әңгіме болса жазып отырып ашуланып отырам. Кейін үзілісте ол сезім кетіп қалады да, керісінше көңілді болып қалуым мүмкін. Сонда күлімдеп айтып отырғанымды елестетем де жазуым да сондай болып кетеді. Сонда екі бөлік бөлек-бөлек норм болады да, біріктіргенде біртүрлі болып шығады екен. Сооол. Енді сұрай бермеңдер
130 views18:40
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 18:38:10 Қайшының жаңа выпускын жазып жатырмын. Не туралы деп ойлайсың?
232 views15:38
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 17:01:12 Алматыдан кв іздеп жүрген 1 чувак іздеймін. Толық ақпарат керек болса плюсаните
252 views14:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 14:09:11 Қаржылық сауаттылық деген тема қатты өзекті болып жүр соңғы кезде. Осы тақырыпта шыққан барлық видеоны көре беретін болдым. Сондай бір видеода қызық теория айтады.

"Адамдардың кедей болуы қаржылық сауатының деңгейі тәуелді емес" дейді. Нақтырақ, тек соған ғана тәуелді емес.

Түсіндірме:

Қазір бай болуды үйрететіндердің бәрі сауатты болуға шақырады. Бірақ адамдар қаржылай сауатсыз болып жатқан жоқ. Тіпті, байлардан гөрі кедейлер көбірек өз ақшасын қадағалайды, бағаларды салыстырады, арзан жер іздейді, саудаласады дегендей. Жалпы ақшаға көбірек көңіл бөледі.

Мысал:

Жаңа айфон шыққанда оны сатып ала салу - қаржылық интеллектің төмендігі емес, эмоцианалды интеллектің төмендігі. Аптығыңды басып саралап ойланатын болсаң, айфонның керек емес екенін түсінесің. Сондағы бізге сатып алғызып тұрған сауатсыздығымыз емес, эмоциямыз. Ал оны басқаруды қарыжылық сауаттылық үйретпейді.

Эмоцианалды интелекті жоғары адамның керексіз затты сатып алуға қажеттілігі болмайды.

Бұл теориямен толық келіспеймін дегенмен, қызық ой.

Несімен келіспейтінімді кешірек жазам. Сен қалай ойлайсың?
64 views11:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 06:23:46 Фак, менің жаңа жұмыстастарымның өзі "Байқаңдар, ол каналына жазып қояды" дейді ғой. Дабл фак.
255 views03:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 23:04:55

33 views20:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 22:24:45 Бір жыл құрылыс компаниясында маркетолог болып істедім. Расымен, қиын.

1. Әріптесімнің бәрі орысша сөйлейтін болғасын өзім де орысша ойланатын болдым. Қазақша жазарда бірінші орысша ойлап алып, кейін аударып, құрастыратын болдым. Өйткені, солай оңай.

2. Бастығым орысша сөйлейтін шешен болды. Қазақша түсінбейді және қазақшаның керек екенін білсе де сезінбейді. Білетіні тек басқалардың айтқанынан ғана. Ақшасы бар үлкен ағалардың кейбірі ғана қазақша сөйлемейсің бе дегеніне және оппозициянный блогерлердің критикасына қарап қана қажеттілік көреді.

Қазақша бренд дегенді түсіндіру мүмкін болмады, өкінішіме қарай.

Өзімнің құзіретім мен білімім соны ұғындыруға жетпегенін мойындаймын. Соған қоса, маркетологтардың өзі соны қалағанның өзінде басшылары қазақша ұқпайтын болса, бұның жүзеге асуы әсіре қиын деп ойлаймын.

Каспи мен Фридомнің басшылығы қандай керемет болғанымен қазақша сервисі ақсайтыны содан, меніңше. Бірақ Турловтан үмітім бар біраз.
78 viewsedited  19:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 22:18:43 Қазақ тілі футболдағы клубындағы басшылардың және менеджер мен маркетинг саласында жүрген адамдар үшін сорлылардың тілі. Олар қазақ тілді ештеңе шешпейтін, жабайы жанкүйелердің тілі сияқты елестетеді. Мәселен, олар қазақ тілді қоғам біздің “потенциалды клиентіміз емес” дейді. Ал орыс тілінде сөйлесе ол қоғамға маңызы бар адам, әсер  ете алатын адам секілді көреді. Қазақ тілінде сөйлеу  қоғамда еш маңызы жоқ деп ойлайды. Бұл футбол фанаттарының ішінде де солай қалыптасқан. Футбол басшылығы осындай ойда.

(с) Ермұхаммед Мәулен
53 views19:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 21:11:26 Элвисті көріп келдік. Керемет.
270 viewsedited  18:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 15:38:03 Таксиге міндім:

- Кондёр қосасыз ба, аға?
- Қоса алмаймын, ренжімеші. Яндекс пен оның клиенттеріме обидам бар. Әдейілеп новый машина алып келдім. Бірақ комфорт бермей қойды. Экономмен жүрмін. Ренжіме, бауырым.
- Жарайды.
- Қосып қойдым. Ақшаңды көрдім. Мына тұрған жерге сонша алу ұят екен. Комфорт болып баршы хотя бы. Сосын жақсылап 5 жұлдыз басып жібер, жақсы ма?
396 views12:38
Ашу / Түсініктеме