Get Mystery Box with random crypto!

МТ

Telegram арнасының логотипі amaxambet — МТ М
Telegram арнасының логотипі amaxambet — МТ
Арна мекенжайы: @amaxambet
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 795
Арнадан сипаттама

Жігіттерге арналған арна. Мұнда өзіміз туралы, қыздар туралы және солармен ортақ дүниелер туралы әңгіме айтамыз.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-31 19:04:26 Астанаға шақырып жатыр. Видимо, сонда тіркелгем. Енді не істеу керек, олармен қалай байланысу керек дегенді кім біледі?
313 views16:04
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 19:01:37 Орысша ғана смс келді. Қазақша нақ келмеді деп шу шығарайын ба?
317 views16:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 18:51:17 Маған повестка келді.
327 views15:51
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 21:18:49 Денеме қатысты комплексім болған. Әркез өзімді шамадан тыс арықпын деп ойлайтынмын. Себебі, бәрі (буквально) "сен арықсың" деп айта беретін. Әже-атам, әке-шешем "тамақ жемесең солай болады. Жігіт деген ағаң сияқты тамақты опырып жеу керек қой" дейтін. Содан нағыз жігіт болуға лайық емеспін деп ойлайтынмын. Ең қызығы ешқашан семіре алмайтындай көрінетінмін.

Қазір 71 килограммын. Денемді көтеріп жүру жеңіл, ыңғайлы. Қарным шыға бастады бұрыннан. Қаласам семіруге болады екен. Енді киімдерім салбырамай норм тұрады. Керек размерін таба аламын.

Қыздарға арық жігіттер де ұнай беретінін көрдім. Арық жігіттер де мығым, батыл, әдемі бола алатынын, жақсы төбелесе алатынын көрдім.

Қысқасы, мен арық және нағыз жігітпін. Және салмақ қоса алатын потенциалым бар.
203 views18:18
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 21:07:30 В принципе, өзімнің түріме қатысты ешқашан комплексім болмаған. Жасым 4-5 шамасында болғанда ересектеу апам "өскенде красавчик болып өсесің" дегеніне сенгем. Әлі де сенем.

Қыздардан да, үлкендеу апалардан да, кейде жігіттерден де комплимент естіп көрдім. Біраз адамның көзінен түріме симпатия байқаймын.

Бірақ

А. Бұрыннан түрімді емес, интеллектімді бағалағанын қалап тұратынымды байқадым. Топтың ішінде жай сүйкімді персонаж болып жүрмей, бірдеңе айтып, істеп, көрсетіп жүруге тырысады екенмін.

Ә. Объективно келісіп тұрсам да, басқалардың комплиментін қабылдасам да, өзім бұл туралы айтып көрмеппін. Бірақ, неге екенін білмеймін, бұл маңызды сияқты.

Қысқасы, мен әдемі адаммын. Бұл "әр адам өзінше әдемі ғо" дегеннен бөлек жалпы стандарт пен өз критерийлеріме сай әдемілік.
219 viewsedited  18:07
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 19:36:31 В общем, бүгін алғашқы кездесу туралы эпизод жаздық. Аптаның аяғына қарай күтіңдер
249 views16:36
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 17:10:40 Сені бірінші кездесуге қай жерге шақырмағанын қалайсың?
304 views14:10
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 17:10:32 Сені бірінші кездесуге қай жерге шақырғанын қалайсың?
305 views14:10
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 15:27:04 41-үйдің 2 эпизоды қосылып 153 тыңдалым жинапты. Басы жаман емес.

Кейінге қалдырып ұмытып кеткендер үшін - міні сілтемесі. Біріншісін тыңдап, ұнатпағандар, өздеріңе екінші шанс беріп көріңдер
322 viewsedited  12:27
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 09:18:17 Бірінші қағаз - бостандығымыздың, адам сияқты сүре алатын өміріміздің кепілі ғой.

Бір жағынан, бір қағазды ойлап тауып, бәрінің басын соған идіру адамның ғана қолынан келеді. Екінші жағынан, адам сондай мықты болса қағазсыз-ақ "адам" болып қалмай ма екен, біреудің "адамдығына" қол сұқпай-ақ өмірін кешпей ме екен...
687 views06:18
Ашу / Түсініктеме