Get Mystery Box with random crypto!

ONLINE -Амангелді Құрметұлы

Telegram арнасының логотипі amangeldikurmetuly — ONLINE -Амангелді Құрметұлы O
Telegram арнасының логотипі amangeldikurmetuly — ONLINE -Амангелді Құрметұлы
Арна мекенжайы: @amangeldikurmetuly
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 887
Арнадан сипаттама

Арнада қару-жарақ түрлері, әлемнің түрлі аймақтарындағы соғыстар мен қақтығыстар жайлы ақпараттар жарияланады. Жеке көзқарасымыз бен пайымдарымыз да болатынын атап өткім келеді.

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2023-04-24 23:59:32
Украинаға жанашыр мемлекеттер былтырдан бері 45 ұшақ беруге ниеттеніп, оның 40 данасын беріпті. Олардың ішінде Су-25 ұшағынан 18 дана,  МиГ--29 ұшағынан 27 дана болған. МиГ-тердің кейбіреуі қосалқы бөлшекке пайдаланылыпты. Одан бөлек  68 тікұшақ беруге уәде етіп,  оның 32-сі Украинаға жеткізілген. Олардың арасында  20 дана Ми-17 В5,  4 дана Ми-24 В,  1 дана Ми-2,  4 дана Ми-17С (бұлардың 2-еуі әлі Украинаға жеткізілген жоқ),  2 дана Ми-2С,  3 дана Westland Sea King берілген. Әлі 36 тікұшақ Киевке беріледі. Олар:  2 дана Ми-8 МТВ, 2 дана Ми-8 ТС пен 1 дана Ми-8 ПС,  10 дана Ми-8МТВ-1С пен 1 дана Ми-8 МТВ-1ВА,  10 дана Ми-24 ВС пен 2 дана Ми-24 КС,  6 дана  Ка-32 А11ВС тікұшағы.
331 viewsAmangeldi Kurmet, edited  20:59
Ашу / Түсініктеме
2023-04-24 20:58:24
Әлеуметтанулық сауалнамаға сенсек өз Отанын қорғауға даяр азаматтардың ең көбі Түркия мен Финляндияда екен. Сауалнамада ерлер мен әйелдерді қоса есептепті. Бірақ батыс медиасы таратқан бұл деректер 2023 жылғы емес-ау шамасы. Өйткені Gallup Internstional осындай зерттеуді 2015 жылы жасаған. Онда Қазақстан азаматтарының 69% і Отан үшін соғысуға әзір деп көрсетілген. Ал жоғарыдағы картадағы деректер Еуропаны қамтыған. Оған Түркияны қосқан. Ал мәліметтер 2015 жылғымен бірдей.
338 viewsAmangeldi Kurmet, edited  17:58
Ашу / Түсініктеме
2023-04-24 18:21:38
«Своих не бросаем» дейтін еді ресейлік әскерилер. Украинаның оңтүстігіндегі майданнан бір көрініс. Ресей қайығы зытты :)
340 viewsAmangeldi Kurmet, 15:21
Ашу / Түсініктеме
2023-04-24 15:24:06
Осы басылымынң қазақстандық нұсқасы әлі бар бізде. Сайтының соңына .kz дегенді қоса салған. Әрі менің білуімше газеті де шығады. Тиражы да 50 мыңға жуық болуы керек. Ал ресурстың орталық кеңсесіндегі әңгіме мынау.
409 viewsAmangeldi Kurmet, 12:24
Ашу / Түсініктеме
2023-04-24 14:56:29
Түркия қорғаныс министрі Хулуси Акардың грекиялық әріптесімен әңгімесін ым-ишаратты зерттейтіндер бағалапты. "Мысы басып тұр" дейді. Грек министрін тергеп тұрғандай көрінеді. Біздің министрлер де осындай батыл болатын күнді қашан көрер екенбіз ә?!
363 viewsAmangeldi Kurmet, 11:56
Ашу / Түсініктеме
2023-04-24 14:29:17
Украина сарбаздары..
354 viewsAmangeldi Kurmet, 11:29
Ашу / Түсініктеме
2023-04-24 14:28:40 Айтпақшы бүгін елшінің сөзін Қытай сыртқы істер министрлігі жуып-шайып жатыр. "КСРО құрамында болған барлық мемлекеттің тәуелсіздігін құрметтейміз" депті.
356 viewsAmangeldi Kurmet, edited  11:28
Ашу / Түсініктеме
2023-04-24 13:59:08
Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Шае LCI телеарнасына берген сұхбатында Қырым әу баста Ресейдікі болғанын, оны Украинаға Хрущев сыйлағанын айтқан. Сонымен қоса ол бұрын КСРО құрамында болған елдердің егемендігіне күмән келтірген еді. Қытай елшісі «қолданыстағы халықаралық құқықта олардың нақты мәртебесі жоқ, өйткені оларды егемен мемлекеттер ретінде нақтылайтын халықаралық келісім жоқ» деген еді. Ал 80 ге жуық еуропалық парламентарийлер Франция сыртқы істер министрілігін Қытай елшісі Лу Шаені персона нон гранта етіп жариялауға шақырған еді. Депутаттар «бұрынғы КСРО дан бөлінген елдердің егемендігін жоққа шығарғаны үшін» осындай талап қойды. Ал Латвия, Литва, Эстония сыртқы істер министрліктері бүгін өз елдеріндегі Қытай елшілерін шақырып, түсініктеме талап етіп жатыр. Украина да қатаң мәлімдемелер жасады. Біз үндеген жоқпыз.
357 viewsAmangeldi Kurmet, edited  10:59
Ашу / Түсініктеме
2023-04-24 13:35:23
Қазақстан 9 мамырда әскери шеру өткізбейді. Тек Президент соғыста қаза тапқандар рухына арнап ескерктішке гүл қояды. Ал одан сәл бұрын, 5 мамырда бүкілармиялық кеңес өткізеді екен.
390 viewsAmangeldi Kurmet, 10:35
Ашу / Түсініктеме