Get Mystery Box with random crypto!

ONLINE -Амангелді Құрметұлы

Telegram арнасының логотипі amangeldikurmetuly — ONLINE -Амангелді Құрметұлы O
Telegram арнасының логотипі amangeldikurmetuly — ONLINE -Амангелді Құрметұлы
Арна мекенжайы: @amangeldikurmetuly
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 887
Арнадан сипаттама

Арнада қару-жарақ түрлері, әлемнің түрлі аймақтарындағы соғыстар мен қақтығыстар жайлы ақпараттар жарияланады. Жеке көзқарасымыз бен пайымдарымыз да болатынын атап өткім келеді.

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2023-04-26 19:27:43
Бейбіт келісім - территориялық компромисстер есебінен шешілмейді. Украинаның 1991 жылғы территориясы қайта қалпына келтірілуі керек.

Президент Зеленский Қытай басшысымен телефон арқылы сөйлесуде осылай деді.

"Бейбітшілікті дәл украин халқы секілді басқа ешкім қаламайды. Біз өз жерімізде соғысып жатырмыз.Біз өз болашағымыз үшін күресіп жатырмыз. Біз осынша күрестен кейін жер беріп, бейбітшілік сұрамаймыз! Украинаның барлық территориясы қайтарылуы тиіс!", - деді Зеленский.
6 viewsAmangeldi Kurmet, 16:27
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 19:20:21
Ыстамбулда "кездесіп" қалдық :) Сөйтіп дереу видео түсірдік. Кәсіби тележурналист және оператор емеспіз, ойымызды жинақтай алмадық. Ал мұндағы сапарымыз түркі әлемі колумнистерінің басқосуына арналған еді. Сондықтан көп мәлімет, ақпарат жинаудың да сәті түспей жатыр. Айыпқа бұйырмағайсыздар.
48 viewsAmangeldi Kurmet, edited  16:20
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 23:14:01
Тірі дрон деуге болады мұны. Қазақтың құсбегілік өнері де, көкпары да ХХІ ғасыр ұрысына қажет болады-ау осы...
230 viewsAmangeldi Kurmet, 20:14
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 22:42:34
Бахмут. Хромово жолын басып алған вагнерліктерге Украинаның 3 штурмбригадасының шабуылы.
234 viewsAmangeldi Kurmet, 19:42
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 18:48:47
Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр: "Біздің қарсы шабуылымызға қатысты жарияланып жатқан сценарилермен кино түсіруге болады. Бірақ олардың барлығы біздің тарихымыз туралы болмайды. Біз өз сценариімізді өзіміз жазамыз",-депті. Негізі қарсы шабуыл төрт бағытта өрбуі мүмкін екенін медиаға таратқан осы келіншек еді. Ал біз түрлі сценарий жаздық. Ішінде менің де қиялымдағы сценарийлер бар шығар
Әдеттегідей болжамға сүйенсек, Украина медиаға түрлі сценарийлерді өздері таратып, шу шығаратын сияқты. Дұшпан агегтурасының миын ашытатын шығар.
Жалпы осы Анна Маляр деген мықты келіншек-ау. Өткір.
Ал Қазақстан қорғаныс министрінің Жанат Ертілесова деген орынбасары болып еді. Одан кейін қорғаныс саласында әйел вице-министр болды ма, жоқ па есімде қалмапты.
298 viewsAmangeldi Kurmet, edited  15:48
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 18:24:58
Т-62М. Украина әскерлері олжалаған орыс танкісі. Шынайы өмір түгілі World of tanks ойынында да тым мықты саналмайтын "қарияны" майданға салған Ивандар да оңбайды. Обал болды-ау
306 viewsAmangeldi Kurmet, 15:24
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 17:52:28 Украинаның қарсы шабуылға әзірлеген резерві жайлы ақпарат жүр интернетте. Бірақ орысшылдар әзірлеген дүние. Оларға сенсек Киев  Запорожье облысында 50 мыңнан астам, Днепр облысында  150 мыңдай, Бахмут маңында  50 мыңнан 80 мыңға дейін сарбаз әзірлеп отыр екен. Ал орыстар  Запорожье жаққа 113 батальондық-тактикалық топ,  Запорожье бағытында 205 батальрндық-тактикалық топ ұстап отыр дейді. Бірақ жалпы әскер санын күздегі мобилизация мен еріктілерге қатысты деректер негізінде есептеген сыңайлы. Сөйтіп жалпы саны  286 мыңға дейін жауынгер украиналықтарға қарсы шайқасатынын есептепті. Бірақ Бахмутта, Авдеевкада, Угледарда, Маринкада қырғын ұрыс болып жатқанын ескермеген сыңайлы. Тылда тұрған әскер мен майданда жүргендердің есебі бөлек болады әдетте.
313 viewsAmangeldi Kurmet, 14:52
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 15:44:45
Ыстамбулда Teknofest 2023 фестивалі өтеді. Сол шараға қатысу үшін Bayraktar Kızılelma дроны ұшып келді. Бұйыртса біз де сол фестивалді көру үшін аттанамыз бүгін. Мүмкіндік болса Селчук немесе Халюк Байрактардың біреуімен сұхбат құру ниетіміз бар :)
327 viewsAmangeldi Kurmet, 12:44
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 12:22:33
Тәжік армиясындағы әлімжеттік. Біздің Қарулы күштерде де осыған ұқсас жағдайлар бар шығар.
333 viewsAmangeldi Kurmet, 09:22
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 00:22:30
Украинаға  жалпы саны 54   дана Leopard 2 танктері жеткізіліпті. Олардың  30-ы Leopard 2A4 болса, 24-і Leopard 2A6 танктері. Одан бөлек 14 дана Challenger 2 танктері жеткізілген деседі. Алдағы уақытта 100 дана Leopard 1A5 танкі Германияның ақшасына сатып алынады, оған қосымша 29 дана Leoparf 2A4 жеткізіледі. Дегенмен Грекия уәде етіп отырған 5 дана Leopard 2A4-тің орнына 2 дана Leopard 2A6HEL беруі мүмкін. Шведтер 10 дана Strv 122 танкін беруге келісіпті.  Ал Abrams M1A1 танкісінің 31 данасы бірер айда Украинаға жеткізілуі мүмкін.
340 viewsAmangeldi Kurmet, 21:22
Ашу / Түсініктеме