Get Mystery Box with random crypto!

3. Алғырлар дамитын және икемді санаға (миға, ақылға) ие. Кэр | Алмат Жайлаубаев

3. Алғырлар дамитын және икемді санаға (миға, ақылға) ие.

Кэрол Дуэк («Гибкое сознание. Новый взгляд на психологию развития взрослых и детей»* кітабының авторы) ойлап тапқан теориясында: «Егер сіз дамитын және икемді санаға (миға, ақылға) ие болсаңыз ешқашан өкінбейсіз; және жетістіктің кілті икемді сананы қалыптастыруда» - дейді. Сонымен қатар, Кэрол апамыз ақыл, қабілет және іс атқару тиімділігін әрқашан дамытуға әрі жақсартуға болатындығын дәлелдеп бағады.

*(Аталмыш кітапты қалайда оқуға кеңес беремін)

«ХХІ ғасырдың сауатсыздары - оқып, жаза алмайтындар емес. Керісінше - үйрене алмайтындар, қате үйренгенін дұрыстай алмайтындар мен үйренгендерін ары қарай дамытпайтындар болады», - дейді Эллин Тоффлер(жазушы, футурист және заманауи технологияларды талқылайтын шығармаларымен танымал кәсіпкер).

Өмірдегі ең басты мақсаттарыңызға қол жеткізгіңіз келсе немесе бір қабілетті тез үйренгіңіз келсе, онда дамитын және икемді сананы (миды, ақылды) дамытыңыз. Бұл сіздің мотивацияңызды арттырып, әр уақыт қабілеттеріңізді шыңдап, дамытып отыруыңызға септігін тигізеді.

Сонымен қатар, икемді сананың арқасында жаңа қабілеттерді тез меңгеріп, керек болғанда күнделікті өміріңізге қолданып, кез келген өзгеріске жылдам бейімделесіз. Жалпы өміріңіз бен жұмысыңызды жақсартасыз.

4. Алғырлар білгендерімен бөліседі.

Зерттеулерге сүйенетін болсақ, адам үйренгенін біреуге үйрету/түсіндіру арқылы немесе бірден іс жүзіне асыру арқылы 90%-ын есте сақтап қалады екен.

Жаңа ақпаратты тез қабылдап үйрену, оны есте сақтау және керекті кезде еске түсірудің ең тиімді әдісі - үйренгеніңді басқаларға үйрету. Психологтар мұны «іздеу/шақыру тәжірибесі» (“retrieval practice”) деп атайды. Бұл есте сақтауды күшейтудің ең мықты жолы болып табылады екен.

«Үйренгеніңізді оңай тілмен үйрету арқылы, біліміңіздің кемшіліктерін анықтай аласыз», - дейді әйгілі физик Ричард Фейнман. «Ұлы түсіндіруші» (“Great Explainer”) атағына ие болған Ричард – кванттық физика сияқты өте күрделі тақырыптарды кез келген адамға нақты суреттеп, түсіндіріп бере алғаны үшін аса зор құрметке лайық болған. Фейнман әдісі жайлы толыққанды Джеймс Гликтің «Данышпан: Ричард Фейнманның өмірі мен ғылыми жұмыстары» (Genius: The Life and Science of Richard Feynman) атты кітабында толық баяндалған.

Алған біліміңіздің ең жоғарғы көрсеткіші – басқаларға түсінікті етіп жеткізе білу қабілетіңіздің болуы. Сол үшін, жарты уақытыңызды оқып, үйренумен өткізіп, ал қалған жартысын бөлісумен жұмсаңыз.

Мысалы үшін, бір кітапты бірден бітіріп тастамай, бастапқыда жартысын оқыңыз. Содан кейін, бірден іс жүзінде қолданбай тұрып, үйренген жаңа ақпараттарыңызды еске түсіріп, басты идеяларын жазып алыңыз да, өзгелермен бөлісіңіз! Сол жерде кемшіліктеріңізді көріп және анықтап, қай жерде қолданып, қай жерде жүзеге асыратыныңызды нақтылап аласыз.

Оқырмандарыңыз бен тыңдаушыларыңыздың пікірін алып, біліміңізді толықтыра отырып, іс жүзіне төгіп жібересіз! Кітаптың қалған жартысы сол күйі қалып кетпесін бірақ.

Жалғасы астында