Get Mystery Box with random crypto!

Алғырдың 6 қасиеті: Кез келген қабілетті тез үйреніңіз. ХХІ | Алмат Жайлаубаев

Алғырдың 6 қасиеті:

Кез келген қабілетті тез үйреніңіз.

ХХІ ғасырдың ең маңызды қасиеттерінің бірі – кез келген қабілетті жылдам үйрену болып саналады. Өйткені технологиялық өзгерістер дәуірінде, әр уақыт алда болу үшін, толассыз даму мен кемелдену үстінде болудан басқа амал жоқ.

Жылдам өзгеріп жатқан мына таңғажайып өмірде, жаңа қабілеттерді тез үйрену қажеттілікке айналғаны сөзсіз. Дей тұрсақ та, бір нәрсені тез үйрену үшін бойымызда туа біткен қасиеттің болуы шарт емес.

Леонардо Да Винчи және Нобель сыйлығының иегері физик Ричард Фейнман сияқты көптеген ғұламалардың (әртүрлі салаларда жетістікке жеткен тұлғалардың) айтарлықтай туа біткен таңғажайып бір қасиеттерінің болмағаны туралы жазылып, айтылып жатады.

Сондықтан жаңа саланы үйренуге әр адамның қабілеті де, күші де жетеді; тек тиімді тәсілдерді қолдану арқылы үйренгеніңізді дұрыс жолда іске асырсаңыз болғаны. Астын сызып тұрып айтайын: кез келген адамның қолынан келеді!

Үйрену процесін қызықты әрі көңілге жағымды ету жолдарын табу керек (әрине әркім өзінің табиғатына сай). Сонда жаңа қабілеттерді тез үйрену қиын емес екенін көресіз. Ал, енді жаңа қабілеттер үйренгіңіз келсе, алғырдың 6 қасиетіне көңіл аударыңыз.

1. Алғырлар көп оқиды.

Жаттығу денені шынықтыратыны секілді, оқу да миды жаттықтырады. Оқу – ғаламның, тарихтың және уақыттың кеңістігінде еркін саяхат жасауымызға мүмкіндік беріп қана қоймай, жаңа идеяларға, түсініктерге, сезімдерге және білімдерге жол ашады.

Кітап оқығанда миымыздың белсенділігі артып, күшейе түседі. Сондықтан болса керек, жетістікке жеткен тұлғалардың барлығы дерлік көп оқиды. Олар оқуды қиын іс ретінде емес, керісінше мансабы мен істерін жақсарту, дамыту мүмкіндігі ретінде қабылдайды екен.

Мысалы үшін, бауырының айтқанына сүйенетін болсақ, Илон Маск күн сайын 2 кітап оқып өсіпті. Ал, Билл Гейтс жылына 50 кітап оқиды екен. Марк Цукерберг болса әр екі аптада бір кітап бітіреді. Уоррен Баффет күніне бес-алты сағат бойы 5 газет пен 500 беттен тұратын есеп беру қағаздарын (отчеттарын) оқып өткізеді екен.

Қазіргі таңдағы мықты валюта болып саналатын ақпарат (информация) пен толассыз дамуға тек оқу арқылы жетуге болады. Сол үшін ауа, тамақ және ұйқыға қалайша мұқтаж болсақ, күн сайын оқуға да солай МҰҚТАЖ болайық.

2. Алғырлар үздіксіз үйренуден ләззат алады.

Үйрену – бір процесс; діттеген мақсатымызға жету жолындағы даму мен кемелдену сапары; жаңалықтар ашу жолы мен алыс қашықтыққа марафон.

Үйрену – өмірдің соңына дейін созылатын өте қызықты бір процесс. Сіз үшін басқа біреу үйрене алмайтынана байланысты, барлық нәрсе өз қолыңызда. Сіздің жолыңыз, сіздің марафоныңыз екенін ұмытпаңыз! Сондықтан үйрену жолында кез келген тақырыпты, идеяны немесе жаңа түсінікті мұқият зерттеп, зерделеу ғана жетпейді. Сонымен қатар қызығушылық пен ықылас та маңызды.

Андре Моруа: «бірнеше қабілетті орташа дәрежеде үйренгенше, бір қабілетті толыққанды үйренген абзал» - дейді. Демек, бірінші үйренуді дұрыс меңгеруіміз қажет. Өйткені үйрену – табысыңызды еселеп көбейтетін ең мықты инвестиция көзі болып табылады. Мына жарық жылдамдығындай өзгеріп жатқан бизнес әлемінде бір орында тұрмай, дамып отырғыңыз келсе, онда үздіксіз үйренудің маңыздылығын түсінген шығарсыз?!

Алғырлар процесті бағалайды. Олар мәреден өткеннен гөрі, марафон кезіндегі процестен; яғни әр уақыт дамып отырудан ләззат алады. Сөйтіп, үздіксіз үйрену процесі – бізді кемелдікке жетелейді. (Бұл жерде әр нәрсенің «басы қатты, аяғы тәтті» мәселесін де естен шығармаңыз!) Сол үшін, алғырлар үздіксіз үйренуді – жетістікке жетелер бір процесс екенін санасынан шығармайды!

Жалғасы астында