Get Mystery Box with random crypto!

5. Алғырлар миының саулығына қатты қарайды. Миыңыздың дұрыс а | Алмат Жайлаубаев

5. Алғырлар миының саулығына қатты қарайды.

Миыңыздың дұрыс азықтануына көңіл бөлген сайын күшейе түседі. Өйткені ақпараттарды есте сақтау, өңдеу және еске түсіру сияқты істерге тікелей әсерін тигізеді. Әрине барлық пенде мүмкіндігінше ұзақ өмір сүргісі келеді. Тез қартаю мен алжыудың алдын алу - тікелей мидың мықты болуына байланысты.

Сол себепті мидың когнитивті функциясының бұзылуына жол бермес үшін, ми пайдалы азықтармен қоректенуі керек. Мысалға: қаражидек (черника),көкөністер (капуста, шпинат, брокколи), тұтас дәндер (цельные зерна), балық пен бұршақ тұқымдастардың ақуызы, зәйтүн майларын күн сайын қолданып отырған жөн.

Сонымен қоса, «Жеміс-жидектер мен көкөністер - мидың жасушыларын тоздыратын тотығу стресстерімен күреседі, яғни тез алжу мен мидың басқа ауруларынан сақтайды», - дейді психиатрия және қартаю ғылымының профессоры доктор Гари Смолл.

Егер миымызды қорғау үшін ештеңе жасамасақ, онда миымыз табиғи түрде құлдырай бастайды. Алайда, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде демекші, миыңызға ұқыптылықпен қарау арқылы, құлдырау процесін бәсеңдете аласыз. Сол үшін алғырлар зақымдап алып арпалысқаннан гөрі, ерте бастан миларын қорғап, саулығына қатты мән береді.

6. Алғырлар сапалы демалады.

Үйренгеніңізді жадыңызда сақтау үшін – ағзамызды тынықтыру керек. Яғни үзіліс беру! Соңғы зерттеулерге сүйенетін болсақ, жиі үзіліс жасау - тез үйренуіңіздің сапасын арттырады. Тіпті есте сақтау қабілеті де жақсара түседі екен.

Қараңыз, АҚШ Ұлттық Денсаулық Институның (National Institutes of Health) ішіндегі ұлттық неврологиялық және инсульт институтының аға тергеушісі Леонардо Коэн: «Көп адамдар жаңа бір нәрсе үйрену кезінде ең басты мәселе практика, практика, тағы да практика деп ойлайды. Дұрыс. Дегенмен де, үйренудің арасында қысқа үзілістердің жиі болуы да маңызды екенін дәлелдедік», - дейді.

Демек, сапалы қысқа үзілістер - мидың дамуына, ақпараттардың есте сақталуына септігін тигізеді екен. Үйренуден сапалы нәтиже алу үшін, демалу уақыттарының арасын дұрыстап қою керек. Мысалы: 30-50 минут бойы жаңа ақпараттар алып, жаңа нәрселер үйренсеңіз, 5-10 минут жаттығу жасап, шай ішіп немесе жуынып, үзіліс бергеніңіз абзал.

Луизиана мемлекеттік университетінің академиялық жетістіктер орталығының мамандары үйрену процесінде 30-50 минуттық сессияны ұсынады. «Бір нәрсені үйрену кезінде 30 минуттан аз болса жеткіліксіз, бірақ 50 минуттан асатын болса - миыңыздың қабылдауы нашарлап, тым көп ақпаратты игере алмай қалады», - дейді оқу стратегиялары бойынша аспирант Эллен Данн.

Миымыздың нейрондық желілері ақпаратты өңдеуге уақыт бөлуі керек, сондықтан үйрену кезіндегі демалулар - жаңа ақпаратты тиімді есте сақтауға көмектеседі.

Алғырлар миларына қажетті азықтармен қоректеніп, сапалы демалу арқылы миларының қалпына келуіне қолайлы жағдайлар жасайды.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын!