Get Mystery Box with random crypto!

СІЗДІ АЗ УАҚЫТТА ШЫҢҒА ШЫҒАРАР 3 ҚАБІЛЕТ. Күйбелең өмірдің ша | Алмат Жайлаубаев

СІЗДІ АЗ УАҚЫТТА ШЫҢҒА ШЫҒАРАР 3 ҚАБІЛЕТ.

Күйбелең өмірдің шаруасы ешқашан бітпейді. Сылтаулар да еш таусылмайды. Ал өзімізді дамытып, жаңа деңгейге шығаруға уақыт таппай жатамыз. Бір шеңберге кіріп алып, шыға алмай жүруіміз де мүмкін.

Сол шеңберден шығаратын, сізді табысты қылатын 3 қабілет жайлы жазамын. Алдымен 3 қабілетке өтпей тұрып, “Тормоз болмау” атты жазбамды оқып шықсаңыз: https://t.me/almatzhai/30 .

1. Сізді жетістікке жетелейтін бірінші қабілет - ТІЛ ҮЙРЕНУ.

Тіл үйрену арқылы миыңыздың жұмысын күшейтесіз. Басқа тілде кітап оқып, көкжиегіңіз кеңейе түседі. Өзіңізге сеніміңіз артып, жаңа таныстықтар құра бастайсыз. Біреуге тәуелді болудан құтылып, жеке ойыңыз қалыптасады. Алдыңыздан көп мүмкіндіктер шығады.

Сол үшін ең бірінші кезекте АҒЫЛШЫН ТІЛІН жетік меңгеріңіз. Уақыт шектеулі. Бірден бастап кетіңіз. Тәжірибеге сүйеніп айта аламын: ӨКІНБЕЙСІЗ.

2. Екінші қабілет - ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ КҮШЕЙТУ.

Жаңа мүмкіндіктер, бизнес идеялар, инвестициялар, тың бастамалар - барлығы адамдар арқылы келеді. Ең ғажабы да сіз күтпеген адам арқылы келеді.

Сондықтан мақсатқа сай араласатын ортаңызды таңдауыңыз қажет. Сізден білімді, тәжірибелі, өз саласында мықты тұлғалармен қарым-қатынасты нығайтыңыз. Сонда дамып қана қоймай, өзіңізге тірі РЕЗЮМЕ-лер дайындайсыз.

Алла тағала сізге арнаған несібесін кім арқылы және қалай жіберетінін біле алмайсыз. Білудің де қажеті шамалы. Тек амалын жасаңыз, нәтижесін көресіз. (Осы туралы толық оқимын десеңіз: https://t.me/almatzhai/16)

Сол үшін адамдармен тиімді қарым-қатынас құруды үйреніңіз.

3. Сізді шыңға шығаратын үшінші қабілет - ӨЗ САЛАҢЫЗДЫ ДАМЫТУ.

Өз саласында мықты мамандар ешқашан жерде қалмайды. Сондықтан таңдаған салаңызды жетік меңгеруіңіз керек. Осыған орай менің өзіме қолданатын бір формуламмен бөлісейін.

(7К+25М) х (2К+1М) = №1

7К - өз мамандығыңыз жайлы 1 жылда 7 кітап оқу.
25М - өз мамандығыңыз жайлы 1 жылда 25 мақала оқу.
2К - өз мамандығыңыз жайлы 1 жылда 2 курс/семинар/конференцияға қатысу.
1М - өз саласында шыңға жеткен 1 Менторыңыз болсын.

Жоғарыдағы формуланы іс жүзіне асырсаңыз, келешекте өз салаңызда №1 боласыз.

Қорытынды. Осы 3 қабілетті дамытсаңыз, қысқа уақыттың ішінде керемет жетістікке жетесіз!

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын, достарым!

https://t.me/almatzhai