Get Mystery Box with random crypto!

Мені өзгерткен кітап. ⠀ Осыдан 6 жыл бұрын. Ташкентте бизнес а | Алмат Жайлаубаев

Мені өзгерткен кітап.

Осыдан 6 жыл бұрын. Ташкентте бизнес ашып жатқан кезім болатын. Лондонда оқып жүрген досым маған кітаптар жіберді. Соның ішінде Кэрол Дуектің «Mindset» кітабы бар еді. Орысшасы «Гибкое сознание».

Сол кітапты Ташкентте 2014 жылы бір оқыдым. Миымда небір жарылыстар болғанын бір білсеңіз ғой! Сол кітаптың әсерінен 2016 жылдың аяғында Бостоннан бірақ шықтым.

Мына жерде кітаптың мазмұнын жаза алмаспын. Бірақ өмірімдегі өзгерістердің біразын айтып өтейін. Кэрол апайымыздың кеңестерімен ойлау жүйеме регулировкалар жасадым.

Оңай болмады. Дегенмен қысқа уақытта өмірімде оң өзгерістер байқадым. Дүние жүзінің 12 мемлекетіне саяхат жасадым. Эфиопияның астанасы Аддис-Абабада қызмет атқардым. Көрші елі Кенияға іс-сапармен бардым. Әлемнің түпкір-түпкірінен таныстарым артты.

FORBES журналының байлар тізімі бар. Соның ішіне кіретін олигархтармен таныстым. Бірнешеуімен бірге бизнес те жасадық. Көкжиегім кеңейе түскенін байқадым.

Осылайша даму мен кемелдену жолындағы сапарыма шықтым. Саламды таңдадым. Бағытымды бекіттім. Шектеу тек өзім екенін түсінгендеймін. Әйтпесе Алланың берген мүмкіндіктері шексіз ғой.

Одан кейін 2019 жылы кезекті АҚШ сапарына бардым. Күн сайын таңғы 6’да үйден шығамын. Гарвард Университетінің кітапханасында біршама уақыт өткізетін едім. Не керек сол жерде әлгі кітапты тағы оқыдым. Бұл жолы миымда жарылыспен қоса төңкеріс те болды.

Қазақстанға келе сала проект жасадым. АҚШ-тың ең мықты университеттерін жастарға көрсету. Алланың қалауымен 13 баланы АҚШ сапарына апардық. Көзбен көру – сену. Сол балапандардың бәрі АҚШ-қа дайындық үстінде қазір.

Артық білім кітапта. Оқыңыз. Зерттеңіз. Өзіңіз өзгермегенше, сізді ешкім өзгерте алмайды. Жетістікке жетелер әдеттер қалыптастырыңыз. Өміріңіздің соған қарай өзгергенін көресіз. Шектеу – өзіміздің баста ғана.

Алда талай асулар мен белестер бар. Алла қаласа бәрін бағындырамыз. Тек даму мен кемелдену сапарымыз сәтті болғай!

https://t.me/almatzhai