Get Mystery Box with random crypto!

Бір лайфхак ⠀ Біз жоғалтып алған құндылықтар - дамыған елдерді | Алмат Жайлаубаев

Бір лайфхак

Біз жоғалтып алған құндылықтар - дамыған елдердің көбінде бар. Соның бірі жанұяға берілген маңыздылық.

Бір ғана мысал бере кетейін.

Қызым Гарвард университеті мен MIT’дің ортасында орналасқан бастауыш мектебінде оқыды.

“Kennedy-LongFellow School” мектебіне алғаш бірінші сыныбына барды. Бірінші күні қызым жылап қалмай қойды. Сөйтіп жүрегім шыдамай алып кетіп бара жатсам, апайы: “Бұндай бірінші кезде болады негізі! Ренжімеңіз, біз бір нәрсе ойластырамыз” - деп қалды.

[Бір сыныпта бір мұғалім, бір көмекші және сынып тысында үлгере алмай жатқан балаларға тағы бір мұғалім отырады. Тысында отыру себебі: оқушы басқа балалардың алдында ұялмай, білмегенін тез үйренеді!]

Не керек, 2-3 сағаттан кейін апайы хабарласып: “Психолог, Директор және Завучпен ақылдастық. Ертең балаңызды шамалы ертерек әкеле аласыз ба?” - деп өтініш білдірді.

Ертеңіне шамалы кешігіп бардық. Барсақ апайы мен бүлдіршіндер бірге күтіп алды. Қолдарында Інжуге арнайы жасалған плакат. Бәрі құшақтап, ойнап сыныбына алды да кетті.

Сол күннен бастап, біздің қыз Сенбі күндердің өзінде мектепке барғысы кеп тұратын болды. Сабақ жоқ десек “Ойййй” - деп көңілі түсетін.

Ал енді, қызығы үй тапсырмалары өте оңай болатын. Соның ішінде анаңмен бір күн, әкеңмен бір күн және бүкіл жанұяңмен бір күн (жанұя куні жексенбі) бір іс-шараларға қатысу керек.

Яғни жанұяңмен сапалы уақыт өткізу ғой.

Ол үшін біз тұрып жатқан қаланың жасайтын апталық тегін әрі пайдалы іс-шараларының тізімін беретін. Сол жерден қалағанымызды таңдаймыз. Және баламен бірге барып, сапалы уақыт өткіземіз. Бұл үй жұмысы!

Жалпы жанұя іс-шаралары өте көп және көбі тегін. Сол секілді Гарвардтың өзі осындай құндылықтарға қатты көңіл бөледі! Өйткені отан отбасынан құралады. Қоғамды қалыптастыратын, тәрбие ошағы - ЖАНҰЯ!

PS. Қазір Алматы қаласындамыз. Жексенбі күнін Жанұя күні деп алғанбыз. Ол күні достармен кездесу, жұмыс, бизнес, қонақ күту ЖОҚ. Тек жанұямен сапалы уақыт өткізу.

https://t.me/almatzhai