Get Mystery Box with random crypto!

Алматы Әйелдер Орталығы

Telegram арнасының логотипі almaty_aielder_ortalygy — Алматы Әйелдер Орталығы А
Telegram арнасының логотипі almaty_aielder_ortalygy — Алматы Әйелдер Орталығы
Арна мекенжайы: @almaty_aielder_ortalygy
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 14.58K
Арнадан сипаттама

Құрметті оқырман, каналға қош келдің!✨

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 14

2023-03-28 14:12:26 #ҚҰРАНЧЕЛЛЕНДЖІ ТУРАЛЫ 7 СҰРАҚ

#ҚұранЧелленджі - не қатысты күн сайын неше түрлі сұрақтар қойылып жатыр. Солардың негізгі 7-еуіне жауап берейік

1-сұрақ:
Хайыз күндері Құран оқуым тоқтап қалды. Қалай челленджден қалып қоймай оқуға болады?

Жауап:
Араб тілінде оқып жүрген болсаңыз хайыз күндері тоқтатып, тазарған соң қайта жалғастырасыз Ал қазақ тіліндегі нұсқасын хайыз күндері оқи бересіз

2-сұрақ:
Оразаға дейін бастап қойған хатымды жалғастырса бола ма?

Жауап:
Негізі Рамазан айында Құранды бастан аяқ 1 хатым жасауға ниет еткенбіз. Сондықтан осы шартымыздың шеңберінен шықпай оразада толықтай 1 хатым Құран жасап, содан соң алдыңғы бастаған хатымыңызды жалғастырып оқысаңыз болады

3-сұрақ:
Құранды қайдан, қалай алып оқимыз?

Жауап:
Құран Кәрім кітабын қолыңызға алып, әр намаздан соң 5 беттен бөліп оқисыз. Қай тілде оқи алсаңыз сол тілде оқысаңыз болады Қиындатпаймыз. Жеңілдетеміз

4-сұрақ:
Құранды транскрипциясымен оқуға бола ма?

Жауап:
Әрине, болады

5-сұрақ:
Құранды электронды версияда оқуға бола?

Жауап:
Кез келген версияда, кез келген аудармада оқи бересіз. Сіздерге жеңіл болуы үшін әрі Құранға деген ықыластарыңызды арттыру үшін осы #челленджді ұйымдастырып отырмыз. Sajda.kz приложениесінен де оқуыңызға болады

6-сұрақ:
Хатым деген не?

Жауап:
Құран Кәрімді басынан аяғына дейін 1 рет толық оқып шығуды хатым дейді.

7-сұрақ:
Қай жерде болады? Қалай қарасам екен?

Жауап:
Өзіңіз үйде Құранды алып күнделікті 25 беттен оқи бересіз. Осылайша 1 күнде 1 параны аяқтайсыз. Әр күнгі Құранның 1 аятынан алған инсайтыңызды ертеңіне таң намазы шықпай тұрып сторисіңізде бөлісіп, @lauraseitbek, @almaty.aielder.ortalygy парақшаларын белгілейсіз.

Рамазан айының соңында #ҚұранЧелленджі - не аяғына дейін қатысып, жеңімпаз атанған қыздарыма «арнайы сый» жасаймын

Және бұл сыйлықтардың соңы емес. Тағы қандай сый жасаймын, кімнің есінде?
650 views11:12
Ашу / Түсініктеме
2023-03-28 10:11:18
Қымбаттыларым, сіздерге

Алла Тағаланың кезекті Көркем Есімдерін
Истиғфар мен салауат дұғаларын
Осы Рамазанда істелуі керек істердің кезекті тізімін
жіберіп отырмын

Ораза қалай өтіп жатыр? Жан-жақты сауап жинауға тырысып жатырсыздар ма?
804 views07:11
Ашу / Түсініктеме
2023-03-27 19:58:26 Ертеңгі хатым кестесін назарларыңызға ұсынамыз, қыздар

Таң 5 бет (121-125)
Бесін 5 бет (126-130)
Екінті 5 бет (131-135)
Ақшам 5 бет (136-140)
Құптан 5 бет (141-145)

Ал сіз #ҚұранЧелленджіне ілесе алып жатырсыз ба?
546 viewsedited  16:58
Ашу / Түсініктеме
2023-03-27 19:39:32 Себебі қазір көөп әйелдерде женская энергия, әйелге тән қылық, нәзіктік жетіспейді. Ал бұл қылық әйелге қашан оралады дейсіз ғой? Өзін әйел ретінде тапқанда, қабылдағанда ғана. Тәнін танып, жанына үңілгенде ғана
«Мен қандаймын?» деп өзіне өзі сұрақ қойып, соған жауаптары шыға бастағанда әйел өз болмысын, ішкі состояниесін тани түседі.

Неге мен челленджге қатысып жатқан қыздарға арнайы жеңілдік беріп жатыр дейсіздер? Себебі ең бірінші Құран оқумен жандары жайланып, рухани кемелденсе, екінші жағынан әйел ретінде өздерін танып, тәндерімен контакт орнатып, денсаулықтарын түзеп, ресурсты әйелге айналса екен деген тілек болды менде.

Сондықтан да «Қылықты әйел» курсыма қазіргі жеңілдіктің үстіне тағы да жеңілдік жасағым келді, шын жүрегіммен

Тек қана #ҚұранЧелленджі қатысушыларына арнайы 10%-дық жеңілдікпен

1 адам тіркелсе — 25650 тг
2 адам тіркелсе — 20700 тг. әрқайсысына (9 900 тг. үнем)
3 адам тіркелсе — 18468 тг. әрқайсысына (21 546 тг.үнем)
4 адам тіркелсе — 16650 тг. әрқайсысына (47 400 тг. үнем)


Челленджде әрі Құран оқып мыңдаған, тіпті миллиондаған сауап жинайсыздар әрі курсты бұрын-соңды тарихымызда болмаған еең төменгі бағамен алып, өмірлеріңізді өзгертесіздер Керемет мүмкіндік емей немене?!

Енді қайтып келмейтін шансты жіберіп алмау үшін курсқа тіркел:

wa.me/77072380662

Ал сіз өзгеруге дайынсыз ба?
592 viewsedited  16:39
Ашу / Түсініктеме
2023-03-27 16:12:23
Маша Алла, Құранмен бірге жүректеріңіз нұрға толып жатқаны үшін қуанып отырмын

Негізі әйелдің рухының толығып, жанының тыныштық табуымен қатар, беті бал-бұл жанып, көзінің жанары жадырап, өзі қуаныштан күлімсіреп жүргеніне не жетсін, иә? Өкінішке қарай, ондай әйелдерді айналамыздан бүгінде аз кездестіріп жүрген жайымыз бар.

Керісінше, қабағын түйіп, көзін мұң басып, жүзі түңіліп, үнемі шаршап немесе ашу үстінде жүретін әйелді күнделікті өмірде көріп үйреніп қалғанымыз сондай, мұндай әйелдер қоғамның нормасына айналған сияқты көрінеді кейде. Ал кейбіреулеріне қарап тек жынысы әйел демесең әрекеттері құдды бір еркек сияқты арсын-гүрсін көрінеді...

Қалай ойлайсыздар, неге қоғамда мұндай әйелдер көбейіп кетті?
725 views13:12
Ашу / Түсініктеме
2023-03-27 14:50:34 Алтындарым, қалайсыңдар?

Бүгін міне Қасиетті Рамазан айы мен #ҚұранЧелленджі-нің 5-күніне де келіп қалдық. 5 күнде 5 - пара оқылып жатыр, Алланың қалауымен

Құран оқитын адамның жан дүниесі жайланбауы мүмкін емес
Кімде қандай өзгеріс байқалып жатыр?
722 viewsedited  11:50
Ашу / Түсініктеме
2023-03-26 21:11:31
Рамазан айында жасалуы тиіс істер, Алла Тағаланың көркем есімдерінің жалғасы және таңдаулы дұғаларды салып отырмын

Оқып, жаттап, үйрене беріңіздер
Алла Тағала жеңілдігін беріп, зейіндеріңізді ашсын
56 views18:11
Ашу / Түсініктеме
2023-03-26 21:04:23 Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):
«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған.
Алла Тағала баршамызды Құранды үйреніп қана қоймай, ондағы аяттарға амал етушілерден болуларымызды нәсіп етсін, әмин

Назарларыңызға ертеңгі хатым кестесін ұсынамыз

Таң 5 бет (96-100)
Бесін 5 бет (101-105)
Екінті 5 бет (106-110)
Ақшам 5 бет (111-115)
Құптан 5 бет (116-120)


Құран оқып жан дүниелеріңіз тыныштық тауып жатыр ма? Әсеріңізбен бөлісе отырыңызшы
88 views18:04
Ашу / Түсініктеме
2023-03-26 14:25:24 Челлендж тапсырмаларын күнделікті бірме-бір қайталап орындап жүрген және Рамазан айының соңына дейін Құранды толықтай хатым еткен қыздарыма «АРНАЙЫ СЫЙЛЫҚ» жасаймын. Және тосынсыйым мұнымен ғана шектелмейді...

Челлендждің баарлық қатысушылары қазір еең соңғы рет сатылымда жүріп жатқан «Қылықты әйел» курсымды еең төменгі жеңілдіктің үстіне тағы да 10% - дық жеңілдікпен алуларына қайталанбас мүмкіндік туды

Курстың негізгі бағасы: 150 000 тг

Қазіргі жүріп жатқан жеңілдік бағасы:

1 адамға — 28500 тг
2 адамға — 23000 тг
3 адамға — 20520 тг
4 адамға — 18500 тг

#ҚұранЧелленджі қатысушыларына арнайы 10%-дық жеңілдікпен

1 адам тіркелсе — 25650 тг
2 адам тіркелсе — 20700 тг. әрқайсысына (9 900 тг. үнем)
3 адам тіркелсе — 18468 тг. әрқайсысына (21 546 тг.үнем)
4 адам тіркелсе — 16650 тг. әрқайсысына (47 400 тг. үнем)


Челленджде әрі Құран оқып мыңдаған, тіпті миллиондаған сауап жинайсыздар әрі курсты бұрын-соңды тарихымызда болмаған еең төменгі бағамен аласыздар Керемет мүмкіндік емей немене?!

Енді қайталанбайтын шансты жіберіп алмау үшін:
курсқа тіркел
админге жаз: wa.me/77072380662

Қалай сізге? Тосынсыйым ұнады ма?
224 views11:25
Ашу / Түсініктеме
2023-03-26 13:06:27 #ҚұранЧелленджі - не қатысып жатқан қыздарым!

Сендерді «қалай қуантсам екен, қандай тосынсый жасасам екен» деп жүріп, кенеттен бір идея басыма сап етіп келе қалды! Неге қасиетті айда білімнің садақасын бермеске деп ойладым.

Қан білімнің садақасы? Не деп ойлайсыздар? Тауып көріңіздерші
74 views10:06
Ашу / Түсініктеме