Get Mystery Box with random crypto!

alishka

Telegram арнасының логотипі alishkkaoa — alishka A
Telegram арнасының логотипі alishkkaoa — alishka
Арна мекенжайы: @alishkkaoa
Санаттар: Өнер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 20

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-29 20:21:30 Бойға жинап мүмкін болған бар асылды
Ғимараттар, саябақтар жарасымды
Жол тартып ару қала Алматыға
Қиып барам туған қалам - Таразымды

Осы - әңгімем, айтылған ашылып сыр
Көңіл бірақ көп нәрсені жасырып тұр
Амалсыздан барамын қиып кетіп
Себебі арман қол бұлғап шақырып тұр

Мен ойлансам түнереді аспан лезде,
Ол жақта бәрі басқа, достар да өзге.
Дәл бұлай қимаспын деп ойламап ем
Үлкен өмір есігін ашқан кезде
137 views17:21
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 16:50:22 Көркем бейнең миыма бермей тыным
Ұқтырдың ау шын сезім өлмейтінін,
Ұқтырдың ау құдіретін махаббаттың,
Даусың ғана бар мұңымды емдейтінін
119 views13:50
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 16:16:33 Қазір мүлде күй басқа, көңіл бөтен
Айыра алмай түсімбе, өңім бе екен
Миға тыным бермеген сол қыз жайлы
Көп ойладым, ол менің теңім бе екен?)
119 viewsedited  13:16
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 14:15:24 Kóp oıladym, ol meniń teńim be eken?)
116 viewsedited  11:15
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 06:24:59 Еліктіріп, есімді шығарардай
Жүректе тулай берді ау тына қалмай
Білмеймін енді қанша жүрерімді
Есіміңді жүректен шығара алмай

Миыма маза бермей бейнең көркем
Сірә мендей сені ешкім сүймейді ертең
Еш себепсіз алыстап кете бермей
Сүйіп тұрып бағала сүйгенді еркем

Сын сағатта сергелдең боп қалғаным ау
Енді отырмын ойланып таңда мынау
Қол жетпейтін арманыңды қуа бермей
Маған бір қарап қойшы ардағым ау

Білемін, саған оңай жете алмаймын
Маза бермейдi айналып өте алмай мұң
Бірақ мені түсініп көр, мен сен үшін
Жалғыз жүрек, жанды құрбан ете алмаймын
113 views03:24
Ашу / Түсініктеме
2022-08-13 14:05:44 Достасып жүріп, маза бермеді әлгі мұң
Сол кезде неге айта салмадым барлығын
Оянып сезім, махаббат оты жанғанда
Тарс жаба салдым жүректің алтын сандығын

Бейнеңе қарап еріксіз ғана телмірдім
Қайтадан саған жақындай алмай мен жүрмін
Әлемнің жиып бар сұлулығын бойыңа
Есейген мені ертегіге де сендірдің
122 views11:05
Ашу / Түсініктеме
2022-08-10 22:50:19 Bari endi bastaldy!
134 viewsedited  19:50
Ашу / Түсініктеме
2022-08-09 19:30:19 Жазу үшін бүгін тағы қаламды алдым
Әңгімесін жақсы мен жамандардың
Өтірік күліп жүру қалыптасқан
Мақсаты сияқтанып адамдардың

Бұл сөзіммен демеймін ақылым көп
Алайда достық жатыр сатылым боп
Кім білген өзгерерін адамдардың
Алғашында көрінген жақының боп

Көңіл қалған достан да, басқадан да
Енді ешкіммен ниет жоқ дос боларға
Іштен тына салғаным дұрыс болар
Сырымды ашып жүргенше басқаларға
121 views16:30
Ашу / Түсініктеме
2022-08-09 11:53:22 Қаламым мен қағазым бардан ада,
Қалам ұстап түн ортасы, таңда ғана
Бүгін міне, тағы бір өлең жаздым
Амалсыз, іздеуменен жанға дауа...


Көптен бері көрінбейсің, көріктім ау
Телефонның ар жағынан еліттің ау
Өз өзімнен өзгеріп шыға келем
Сені көрсем жүректе еріп қырау

Білем әлі өкпелісің, түсінемін
Өкінгем де істеген ісіме мың
Тағы жазып, сағынып, хабарласып
Тағы міне көңіліңді түсіремін

Болды енді, жетер осы бұлданғаның
Шыны керек бұлданып дым да алмадың
Кешіреғой алдыңда айыптымын
Бақыттың бөлшегінен құр қалмағын


...Осы ғана өзіңе айта алғаным
Біразын айтқызбады сайтан жаным
Ал енді түн, алдымен уақытымды,
Сабырым мен жүйкемнің қайтар бәрін
123 views08:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 22:45:55 Өлең жазу қазір тым қиын маған
Қиналып өз өзімнен жиі ұрланам
Айта алмай ойымдағы кереметті
Қолымнан келмей жатыр, күйім жаман

Қолым бармай, ал бірде шабыт келмей
Күнім көктен қарайды жарық бермей
Шаршап кеттім жаза беріп әр нәрсені
Қолыммен ұстамай ақ, барып көрмей

Қиын маған табу да сөз ыңғайлы
Жазу да есер болған кезім жайлы
Қиын маған өзгені өлең етіп
Сандырақты жазу да өзім жайлы

Бойымды сол қорқыныш билеп қалған
Миымды мазалауда сүйреп жалған
Не туралы жазайын, там құрыса
Жырлайтын пәк сезім де сиреп қалған

Қазір заман өзгерген шыны керек
Оқитын бір жан болса ірі көмек
Өлеңді іздеп тұрған адамдар аз
Ақындардың айтқан бұл мұңы бөлек

Осы да бәлкім себеп болып қалар
Жыр жазбасқа жаныма серік болар
Ойымда тек түнек пен қара бұлт бар
Жанға маза бермейді төніп солар

Сірә енді тоқтаймын, доғарармын
Бәлкім солай көңілден жоғалар мұң
Өшпейтін өмірімнің өткенінен
Өлеңімдей жанға серік бола алар кім?
137 viewsedited  19:45
Ашу / Түсініктеме