Get Mystery Box with random crypto!

Жазу үшін бүгін тағы қаламды алдым Әңгімесін жақсы мен жаманда | alishka

Жазу үшін бүгін тағы қаламды алдым
Әңгімесін жақсы мен жамандардың
Өтірік күліп жүру қалыптасқан
Мақсаты сияқтанып адамдардың

Бұл сөзіммен демеймін ақылым көп
Алайда достық жатыр сатылым боп
Кім білген өзгерерін адамдардың
Алғашында көрінген жақының боп

Көңіл қалған достан да, басқадан да
Енді ешкіммен ниет жоқ дос боларға
Іштен тына салғаным дұрыс болар
Сырымды ашып жүргенше басқаларға