Get Mystery Box with random crypto!

alishka

Telegram арнасының логотипі alishkkaoa — alishka A
Telegram арнасының логотипі alishkkaoa — alishka
Арна мекенжайы: @alishkkaoa
Санаттар: Өнер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 20

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-07-20 21:02:53 Mahabbat - тылсым, әлі жұмбақ маған
Өзі жайлы ешкімге үн қатпаған
Бір білерім, пәк сезімдер сиреп қалған
Қолжетімсіз, құны да қымбаттаған...
265 viewsedited  18:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 20:20:03 Сарсаң қылып жүректі сағындырдың
Елес бейнең жай ғана сағым бұл күн
Сезгендеймін, мұның бәрі бекершілік
Ұмыт бәрін деп жүрекке әмір қылдым

Жүрек шіркін келмейді ұмытқысы
Келеді оның құшақтап жылытқысы
Қалай ғана ұмытсын бірақ оны
Көркем сұлу, қылықтының қылықтысы

Жалғыз жан ең маған шын ұнап қалған
Айырылдым өзіңнен бірақ қарғам
Алдыңда айыптымын, кешір мені
Кезің болса мен үшін жылап қалған

Тағы елесің көрінді, тағы жаным
Түсінбей ақ қойдым, бәлкім сағынамын
Бірақ әттең ол білмейді мұның бәрін
Сағыныштан жүректің жарыларын

Жоқ болдың ау бір демде сағым болып
Елесің жүр махаббатың бағын қорып
Сен арманым өмірімен қош айтысқан
Қазір атып жатырсың таңым болып

Шіркін, сол кездерге қайта барсам
Сол бір әнді тамаша қайта салсам
Әй өмірім, бақытты кездерім ед
Қайтар маған өткенімді қайтара алсаң

Білмеймін сағым ба едің, елес пе едің
Білмедім асалмайтын белес пе едің
Сағынбайын десем де қолдан келмей
Бүгін тағы еріксіз елестедің

Шынында қатты өзгердім сен кеткелі
Қызғанушы ем, сүйгенің мен деп сені
Соңғы кезде болып жүрген сияқтымын
Құшақтап жатқан сені жерге өкпелі

Білесің ғой, қызғаншақ екенімді
Қызғаныштан жарылып кетерімді
Кешір жаным, қиналып жатқасын ба
Болып барады өлеңім өте мұңды

Ұмыту сол бейнені қиындады
Есімде әлі еркелеп, қиылғаны
Сені ұнатып, бағы тайған мен сорлыға
Сүйемін деп айту да бұйырмады(

Бала едімғой сезімге қанықпаған
Бейнең бірақ сол күнгідей анық маған
Жан болсам да өмір сырын әлі ұқпаған
Сәл күт мені, мен де артыңнан барып қалам.
147 viewsedited  17:20
Ашу / Түсініктеме