Get Mystery Box with random crypto!

Alash.KZ

Telegram арнасының логотипі alashkaz — Alash.KZ A
Telegram арнасының логотипі alashkaz — Alash.KZ
Арна мекенжайы: @alashkaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.71K
Арнадан сипаттама

Alash.KZ ұлттық ақпараттық порталы

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-09-21 14:10:28 Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
1.0K views11:10
Ашу / Түсініктеме
2022-09-21 07:09:47
Бүгін таңертең Алматы-Петропавл бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ.

Пойызда бұл кезде 184 жолаушы болған. Олардың барлығы келесі пойыз келгенше басқа орынға жеткізілді. Пойыздың шұғыл тоқтауына техникалық вагондағы ақау себеп болған. Вагон ауыстырылған. Тексеріс жүргізу үшін комиссия құрылды.
1.2K views04:09
Ашу / Түсініктеме
2022-09-21 06:26:10
Желіде жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген ЖОО оқытушыларының тізімі жарияланды

Журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында философия докторы PhD дәрежесін оқымай-ақ алған 58 оқытушының тізімін жариялады.

Журналист жалған диплом туралы мақаласынан кейін оқырмандары олардың аты-жөндерін жариялауды сұрағанын айтады.

Менде бұл адамдардың аты-жөндері жазылған тізім бар. Көбі ЖОО оқытушылары, мемлекеттік университеттерде жұмыс істейді. Егер тізімнен өзіңіз танитын адамды тапсаңыз, сәлем айтыңыз, – деп жазды Михаил Козачков.

Ғылым және жоғары білім министрлігі жалған диплом алған оқытушыларға қатысты пікір білдірді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитеті 58 PhD докторы дипломын беруде заңбұзушылықтарды анықтады. Осы жағдайға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіліп, дипломдар ведомствоға кері қайтарылды.
1.1K views03:26
Ашу / Түсініктеме
2022-09-21 06:19:38
Қазақстан ресейлік «Мир» карталарын қабылдауды тоқтатты

«Мир» карталарын қабылдаған елдердің несие ұйымдары ресейлік төлем жүйесімен жұмысын тоқтата бастады. Бұл туралы «Известия» хабарлады.

Халық банкінің байланыс орталығы басылымға ресейлік карталарға терминалдар арқылы да, банкоматтар арқылы да қызмет көрсетілмейтінін айтты.
914 views03:19
Ашу / Түсініктеме
2022-09-20 13:49:32
Астанадағы Байқоңыр аудандық сотында Қайрат Сатыбалдының ісі қаралып жатыр. Сот процесі онлайн-режимде өтуде. Видео және аудио жазба жазуға тыйым салынған.

Алғашқы тыңдалым 16 қыркүйекте өткен.

Қайрат Сатыбалды бостандыққа шыға ма: Астанадағы кезекті сот отырысында не айтылды

Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалды бостандықта қалатын секілді. Себебі, «Қазақтелекомнан» ақша жымқыру ісі бойынша тараптар бітімгершілік келісімге қол қоюға дайын екендерін білдірді, ал бұған прокуратураның еш қарсылығы жоқ.

Сотта айыпталушының заңгері Сатыбалдының кінәсін толық мойындап, 12 млрд теңге көлеміндегі шығынды өтегенін алға тартып жазаны жеңілдетуге үмітті екенін жеткізді.

Сот барысында "Қазақтелеком" АҚ, "ЦТС" АҚ және сотталушылар Ғайни Бекетов, Марат Мұхамеджанұлы, Шыңғыс Қоңырбаев және Леонид Муравьев арасында медиациялық келісімнің жасалғаны белгілі болды.
1.9K viewsedited  10:49
Ашу / Түсініктеме
2022-09-20 07:41:36
«Аса құпия»: ҰҚК Мәсімовтің ісіне қатысты тағы екі экс-шенеунік туралы мәлімдеме жасады

Қанды қаңтар оқиғасы кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің екі шенеунігі жыл басынан бері бостандықта жүр.
Іске бұрын аталмаған айыпталушылар – Д.Ақипов пен Н.Бекмұрат қатысты, оларға қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.

Orda.kz редакциясы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдады. Онда бізге Бекмұраттың ҰҚК департаментінің бөлім бастығы қызметін атқарғанын, ал Ақиповтың оның тікелей бағыныштысы, ҰҚК департаменті бастығының бұрынғы орынбасары болғанын хабарлады.

Дегенмен, «аса құпия» деп танылған іс бойынша екі айыпталушы да бостандықта жүр.

«ҰҚК Н.Бекмұрат пен Д.Ақиповқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Олар ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», - делінген ҰҚК-нің Orda.kz тілшісінің сауалына берген ресми жауабында.
4.3K views04:41
Ашу / Түсініктеме
2022-09-20 07:34:12
Алматы облысына қарасты Талғар ауданында тұрғындар республикалық маңызы бар жолды жауып тастады. Бұған 10 жастағы баланы көлік қағып кетуі себеп болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 19 қыркүйекте сағат 18:45 шамасында болған.

«Тoyota Camry автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Жаңалық ауылында Жетіген-Алматы автожолының бойында жаяу жүргіншілер өткелінде 10 жасар баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында мерт болды», – делінген хабарламада.

Қазір полиция аталған дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Жаңалық ауылының тұрғындары кісі өліміне алып келген жол апатының бұған дейін де болғанын айтады. 17 тамызда Тереңқара ауылында көлік 3 баланың анасын қағып кеткен. Бұл кезде де тұрғындар жолды жауып, қауіпсіздікті күшейтуді сұраған.
7.3K views04:34
Ашу / Түсініктеме
2022-09-19 11:12:43
Астана Қайрат Сатыбалдының соты басталды. Істі Байқоңыр ауданының №2 соты қарап жатыр.

Қайрат Сатыбалды "Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру"," Кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу" баптары бойынша күдікті деп танылған.

Сонымен қатар тамызда тергеу жұмыстары барысында мемлекетке 240 миллиард теңгеден астам қаржының қайтарылғаны белгілі болған еді.
4.5K views08:12
Ашу / Түсініктеме
2022-09-19 06:29:47
Өскеменде мектепте еден жуушы әйел қайтыс болды. Қайғылы оқиға №25 мектепте болған.

Куәгерлердің айтуынша, ол өз-өзіне қол салған. Мұны бастапқыда Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті де растаған еді. Алайда кейіннен оқиғаның мән-жайы анықталды.

«Бұл факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша тіркеуге алынды. Әйел гипертониямен ауырған. Жүрегі ауырып жүрген» делінген ресми мәліметте.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.
3.9K views03:29
Ашу / Түсініктеме
2022-09-16 09:41:13
Келесі президент Конституцияны өзгерте алмайды – Әділет министрі

Қанат Мусин алдағы уақытта жаңа президент те, парламент құрамы да мемлекет басшысын сайлау мерзімін өзгерте алмайтынын мәлімдеді.

Сөзінше, Ата заңның 94-бабына мүлде өзгертілмейтінін нормалар енгізіледі.
3.3K views06:41
Ашу / Түсініктеме