Get Mystery Box with random crypto!

Оралда 10-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды. Жедел жәрд | Alash.KZ

Оралда 10-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды. Жедел жәрдем шақырғанымен, баланы аман алып қала алмады.

AstanaTV-ның мәліметінше, мектеп басшылығы баланың бұрыннан науқас екенін, арнайы есепте тұрғанын айтады. Бірінші ауысымда оқитын 15 жастағы Даниял өзге балалармен бірге сабақ басталғанша дәлізде жүрген. Кейін қоңырау соғылып, сыныпқа кірген. Барлығы өз орындарына жайғасып, сабаққа дайындалып жатқан кезде жеткіншек ес-түссіз құлап түскен.


Мамандар 40 минуттай ем-дом жасаған. Бірақ баланы ажалдан құтқарып қала алмады.

Орал қалалық №10 мектептің медбикесі Нұргүл Байғанатова: «Оқушы бізге 20-мектептен биыл қыркүйекте ауысып келді. Дәрігердің есебінде тұратын бала. «Паралич РВ» деген диагнозбен есепте тұрады. Ата-анасы жазда қаратқан, емін алған. Біз барынша көмек көрсеттік алғашқы көмекті. Көзінің қарашығын қарадым. Көзі қызарған, жасанды тыныс алдырып, жедел жәрдем келгенше сондай көмек көрсеттік», – дейді